Аймақтар • 15 Тамыз, 2019

Алатау ауданының жарықтандыру мәселесі басты назарда

575 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы ең жас аудандардың бірі Алатау ауданы жұртшылығы тарапынан жарық мәселесіне қатысты арыз-шағымдар жиі айтылып келген еді. Жауапты мамандар жуырда бұл мәселе оңтайлы шешімін табады деп сендіріп отыр. Бүгінде 158 көшенің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп үлгерген.

Алатау ауданының жарықтандыру мәселесі басты назарда

Жыл соңына дейін ауданда 65 көше жарықтандырылмақ. Оның ішінде «Әйгерім-2» шағынауданындағы Бұғыты және Карпатская көшелері де бар. Одан бөлек, «Шаңырақ», «Әйгерім» және «Боралдай» шағынаудандарына да да көше шамдары қойылады.

«Қазіргі таңда 158 көшеде жобалау-сметалық құжаттамалары бар. Оның 65-іне 2019 жылдың соңына дейін көше шамдары орнатылады. Және де 146 көшеге тас жол төсеу жұмыстары мен кешенді түрде шамдар және арық жүйелері орнатылады. Қалған жарықтандырылмаған 159 көшенің тізімі дайындалып, оларға жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленеді. Бұл туралы энерготиімділік және инфроқұрылымдық даму басқармасына өтінім берілді», – дейді Алматы қаласы Алатау ауданы көріктендіру бөлімінің бас маманы Нұрсұлтан МЫРЗАТАЙ.

АЛМАТЫ