Жемиле Кынаджы: Аудармашы автордың обалына қалмауы керек...
Мәдениетіміздің мәйегі – әдебиетімізде. Әдебиетіміздің там-тұмдап болса да әртүрлі тілдерге аударылып жатқанынан жалпы жұрт хабардар. Алайда, кім, нені, қалай аударуда деген әңгімелер әдеби ортаның көрігін қыздырып жатыр деп айтуға әлі де ерте секілді... Осы орайда біз Анкарадағы Гази университетінің профессоры, ғылым докторы, әдебиетші, қазақ әдебиетін түрікше сөйлетіп жүрген аудармашы Жемиле КЫНАДЖЫМЕН әңгімелескен едік.
Медицина • 11 Тамыз, 2017
Жыл сайын жалпы орта білім алған мың-мыңдаған жастардың жаңа легі өмірге араласады. Олар осы өмірге қандай әзірлікпен қадам басты? Ертеңгі еліміздің өркениетті дамуы да соған байланысты. Білім адами капиталдың ең басты құндылығына айналып отырған ХХI ғасырда түлектерге қойылатын талап – олардың интеллектуалдық даму деңгейі, білім сапасы жоғары болуы. Осы мақсатта елімізде жалпы білім беретін оқу жүйесінде соңғы жылдары небір ауқымды реформа жүзеге асырылды.
Ана тілімізді шұбарламай сөйлейік, қазақ тілінде сауатты жазайық деп, өзге тілдерден енетін термин сөздерге басымыз қатып жүргенде, мына бір жайт тіліміздің тазалығына ашық нұқсан тигізгелі тұр. Бұрындары көше бойларындағы алабажақ атауларды, сауда үйлері мен түрлі тұрмыстық қызмет көрсету орындарының маңдайшаларындағы бөтен сөздерді түзету мұң болатын. Кейде тіпті оларға көзің түсіп кеткенде өзіңді Еуропаның бір бейтаныс қаласында келе жатқандай сезінетінсің. Бұл жерде нақты мынадай-мынадай орындардың аты деп әрине, ағылшынша атауларды қаздай тізіп көрсетуге болар еді, бірақ одан не пайда? Біздікі көрген-білгендерімізді жұртпен бөліссек деген ой ғана.
Қазіргі жаһандық энергетикалық дағдарыс бір жағынан мұнай-газ энергетикасының экономикалық ресурстарының шектелуімен, екінші жағынан бүгінге дейін ашылған баламалы қуат көздерінің таяу мерзімде энергетикалық төңкеріс жасай алмайтындығымен сипатталады. Сондықтан адамзаттың ертеңгі игілігі жолындағы болашақ тиімді энергия көзін іздеу қозғалысы бүгіннен бастау алуда. Осы ұлы қозғалыстың алдыңғы легінде «Болашақтың энергиясы» ұранымен Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізіп жатқан Қазақстан келеді. Кім не айтса, оны айтсын, елордадағы ЭКСПО-2017 көрмесі жаһандық энергетикалық төңкерістің озық технологиялары паш етілген тарихи алаңға айналды.
Қазақстан • 11 Тамыз, 2017
Қазақмыс – бизнестің табысты трансформациясы
«Қазақмыс корпорациясына» 20 жыл толып отыр. 1997 жылдың жазында «Жезқазғантүстіметалл» АҚ «Қазақмыс» ашық үлгідегі акционерлік қоғамы (АүАҚ) болып қайта құрылған еді. Іс жүзінде банкроттықтың табалдырығында тұрған компанияның мыс өндірудің аса ірі кәсіпорнына қалай айналғаны туралы сенатор Сергей Михайлович ЕРШОВ, «Қазақмыс Корпорациясы» Басқарушы кеңесінің Бас директоры Бақтияр ҚЫРЫҚПЫШЕВ және компанияны құрудың бастауында тұрған олардың серіктері әңгімелеп береді.