Қазақстан • 11 Тамыз, 2017
Елбасы тапсырмалары ел өңірлерінің назарында
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Қызылорда облысына барды. Сапардың мақсаты – Елбасы тапсырмаларының, соның ішінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған басымдықтардың өңірде жүзеге асу барысын бақылау. Соған орай Мұхтар Құл-Мұхаммед пен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Қорқыт ата» мемориалды кешенінде болып, ортағасырлық Сығанақ қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Одан бөлек, жергілікті шаруалармен кездесті, сондай-ақ, Кіші Аралды қалпына келтіру жұмыстарын көрді.
Өңірдегі бірегей нысандармен танысты
Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс бабындағы сапармен Ақтөбе облысына келді. Ол кемесінің баспалдағынан түскеннен кейін Ақтөбе халықаралық әуежайының қызметімен танысып, мұндағы ұшып-қону жолағының құрылыс жобасына қатысты сындарлы ой-пікірі мен ұсынысын білдірді. Аталған шаралар жергілікті билікпен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылдануда.
Парламент • 11 Тамыз, 2017
Өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Федералдық Жиналысындағы Қазақстан – Швейцария достық тобының тең төрағасы Филиппо Ломбардиді қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Инфографика • 11 Тамыз, 2017
Қазақстан • 11 Тамыз, 2017
Инфрақұрылымды дамытуда ілгерілеушілік бар
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінге дейін нендей жұмыс атқарылды? Қанша қаржы игерілді? Қанша шақырым жол салынды? Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте кеше осы мәселелер егжей-тегжейлі баяндалды. Оған Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов, Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев қатысты.