Мәдениет • 10 Тамыз, 2023
«Астана Опера» сахнасында үш күн бойы үздік туындыларын көрсетуге асық Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының ұжымы 11-13 тамыз аралығында елордалық көрермендерге қызықты спектакльдерін тарту етеді.
Мәдениет • 10 Тамыз, 2023
«Әнді сүйсең, менше сүй...» деген Абай атамыздың, «Көзімнің қарасы» ән-өлеңін де исі қазақтың көңілі көктем бола шалқып, жаны жаз бола балқып тыңдайтыны, ал әнші емес екінің бірі әліне қарай айтатыны белгілі. Ғашық жігіттің Абай жазған мөлдір махаббат жырының (22 шумақ) бастапқы 4 шумағын айтып жүрміз. Олар:
Абай • 10 Тамыз, 2023
Осы күні Абайдың түрлі портретін де, ескерткіштерін де көп көріп жүрміз. Бірақ сол біз көрген Абайдың образы ақынның шын бейнесіне ұқсай ма – білмейміз... Хакімнің туған күні қарсаңында Суретшілер одағының мүшесі Нұрбұлан Өтепбаевпен бейнелеу өнеріндегі Абайдың шынайы болмысы хақында әңгімелескен едік.
Қоғам • 10 Тамыз, 2023
«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Автомобиль жолдары комитетінің қолдауымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық ғылымды дамытуды қолдау туралы тапсырмасы аясында Алматы қаласында жол құрылысы саласында жаңа технологияларды зерделеу, әзірлеу және енгізу мәселелері бойынша журналистерге баспасөз турын ұйымдастырды.
Абай • 10 Тамыз, 2023
Түсіме Абай енді. Абай «мен кіммін?» деген сұрақ берген сияқты және оған жауапты Ғарифолла береді ғой деген сықылды болды. Сөйтіп жатып оянып кеттім. Шынында, Абай деген кім? Өзекті сұрақ. Жұрт назарына іліккен Тұлға туралы аңыз-әңгіме көбейіп, аңызы қайсы, шындығы қайсы араласып кететіні бар. Абайдың кім екенін толық баяндап, жазып берген – Мұхтар Омарханұлы Әуезов. «Абай жолы» – даусыз, классикалық-көркем шығарма. Абай өмірі мен шығармалары хақында айтылған, жазылған шын сөздер жеткілікті. Сонымен бірге қауесеттер де қалар емес. Абайды білетін, түсінетіндер мен оған дәрмені жетпейтіндер қағаз шимайлап, тіптен, «кітаптар» шығарып әуреленіп жүр.