Әдебиет • 10 Тамыз, 2018
Батыс Қазақстан облысындағы Жымпитыда Дулат Бақыт есімді жігіт тұрады. Өзінің айналыспайтын шаруасы жоқ. Ағаштан үстел жасайды, арасында интернет саудамен айналысады. Ауданда кәсіптік оқу, семинар сияқты жиын болса, тізімге бірінші тіркеледі. Әкімдікте жиналыс өтетін болса, алдыңғы қатарда тағы да Дулат отырады. Концерт болса да солай.
Тарих • 10 Тамыз, 2018
«Сарайшық – Арыстанбаб – Қожа Ахмет Ясауи – Әйтеке би кесенесі» халықаралық экспедициясы жолға шықты
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Сарайшық – Арыстанбаб – Қожа Ахмет Ясауи – Әйтеке би кесенесі» халықаралық экспедициясы жолға шықты.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2018
Шу ауданына инвесторлар қызығушылық танытып отыр
Жамбыл облысының Шу ауданы – елімізге Қазақ хандығының алғашқы туы тігілген аймақ ретінде белгілі. Тоғыз жолдың торабында орналасқан тарихи мекен бүгінде Әулиеата өңіріндегі кең қанат жайған ауданның бірі. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын мәселелері және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде айтылған міндеттерді жүзеге асыруда да Шу ауданы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп отыр. Мұнда көптеген әлеуметтік проблемалар оң шешімін тауып, тұрғындар тілегіндегі түйінді мәселелер тарқатылуда.
Тарих • 10 Тамыз, 2018
Екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз қаласын ертеден бері көптеген ғалымдар зерттеп, лайықты бағасын берген болатын. Талас және Шу аңғарлары бойындағы ортағасырлық Тараз шаһары кезінде еліміздің өндірістік және мәдени орталықтарының бірі болғаны белгілі. Тараз жайындағы алғашқы мәліметтер VІ ғасырға жататын Византия жазба деректерінде кездеседі.
Қоғам • 10 Тамыз, 2018
Көксу өзенін жағалаған елдің еңбегі жемісті
Жетісудың жеті арнасының бірі – күркіреп ағатын Көксу өзені. Сағасын Лабасы, Шаған тауларының етегінен жинап, бір арнаға тоғысса да арғы негізін Жоңғар Алатауының мұздықтарынан тартатын асау өзеннің өзі. Осы Көксу етекке түскен сайын тарамданып, өрген қыз бұрымындай бұралып ағады да, жағасын мекендеген жұртқа несібе болып бұйырады. Арна бойында орналасқан ауданның аты да – Көксу.