Әдебиет • 10 Тамыз, 2018

Ауыл ақыны кірпіш құяды

214 реткөрсетілді

Батыс Қазақстан облысындағы Жымпитыда Дулат Бақыт есімді жігіт тұрады. Өзінің айналыспайтын шаруасы жоқ. Ағаштан үстел жасайды, арасында интернет саудамен айналысады. Ауданда кәсіптік оқу, семинар сияқты жиын болса, тізімге бірінші тіркеледі. Әкімдікте жиналыс өтетін болса, алдыңғы қатарда тағы да Дулат отырады. Концерт болса да солай. 

Бұдан бөлек Дулаттың 12 жылдан бері тұрақты түрде айналысатын маусымдық кәсібі бар. Ол ала жаздай лай құйып, саман кірпіш құяды.

Дулат үшін жұмыс кестесі таңғы сағат 4-5-те басталады. Таңмен таласа тұратын жігіт бір жазда 10-12 мың кірпіш құяды. Кірпіші кеуіп болмай клиент табылады. Жымпитылықтар Дулаттың саман кірпішін арнайы тапсырыспен таласа сатып алады. Бір кірпіштің бағасы – 55-60 теңге.

Дулаттың айтуынша, бүгінде құрылысқа пайдаланылатын материал түрі көбейгенімен, саман кірпішке сұраныс әлі бар көрінеді.

– Кірпіш құю үшін қара күш емес, еп пен ыңғай керек. Әрине ел ауыр жұмыс деп жатады. Ауыры ауыр ғой, бірақ үйреніп қалғандықтан ба, мен үшін аса қиын емес. Осы кәсіптің өзі отбасыма кәдімгідей қаржылай көмек болып тұр, – дейді еңбекқор ауыл жігіті.

Епті жігіт қосымша кәсіп ретінде Жымпитыда интернет сауданы дамытсам деп те ниеттеніп жүр. Алдағы уақытта наубайхана және шаштараз ашып, халыққа қызмет көрсетумен де айналысқысы келеді. Қазір жабдықтар алу жағын ойластырып жатыр. Ойының жүзеге асуына бір көмегі болар деп, Сырым аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы жанынан ұйымдастырылған «Бастау» бизнес жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқып алған.

Айтпақшы, Дулат Бақыт әлеуметтік желілерде өзіне тән өрнегі бар өлеңдерімен де танымал. Сол өлеңнің арқасында былтыр Сырым ауданынан жолдама алып, «Танылмаған талант» жобасының облыстық кезеңіне қатысты.

Аман жүр, дүниенің бір кетігіне кірпіш сынды қаланып жүрген ауыл ақыны!

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Батыс Қазақстан облысы,

Сырым ауданы

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Карнегиде ән салады

Руханият • Бүгін, 10:21

«Хат қоржын» (27.06.2019)

Қоғам • Бүгін, 10:18

Арыс, біз біргеміз!

Аймақтар • Бүгін, 09:53

Апатта босанған ана

Аймақтар • Бүгін, 09:36

Газ құбыры құрылысы ойдағыдай

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Салық жүйесі жетілдіріледі

Экономика • Бүгін, 09:28

Зардап шеккендермен кездесті

Аймақтар • Бүгін, 09:27

Кемеңгерлік келбеті

Қазақстан • Бүгін, 09:23

Агросектордың әлеуеті қандай?

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Апаттың алдын алу мүмкін бе еді?

Аймақтар • Бүгін, 09:13

«Егеменнің» еңбегі еленген күн

Қазақстан • Бүгін, 09:03

Әрі ақын, әрі жазушы

Руханият • Бүгін, 00:18

Ұқсас жаңалықтар