Аймақтар • 16 Тамыз, 2022
Ауылдың ағарғаны қалалықтар үшін арман болған заман. Дүкенде сатылатын пастерленген сүтті үйдегі балаларға жылытып беріп, әйтеуір сүт ішкеніне мәз боламыз. Құрамында «өлі сүт» - ұнтақ түріндегі қоспаның барына да бас ауыртпайтын болдық. Қазір нарықта бұл өнімнің түрі көп болғанымен, қойытылған сүт, қорапқа құйылып, жыл бойы сақтала беретін, майлылығы жоғары сүт дегенді біздің еліміз өндіруді меңгере алмай отырғаны да шын. Дей тұрғанмен, өңірде тауарлы сүт фермаларының саны артып келе жатқаны дәтке қуат. Павлодар облысындағы бұл фермалардың шикізаты соңғы жылда 38 мың тоннаға дейін өскен.
Экономика • 16 Тамыз, 2022
Энергетикалық тапшылық: Дағдарыс пен мүмкіндік
2021 жылдың қыркүйегінде Президент Қ.Тоқаев Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына жыл ішінде республикада атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсыра отырып, 2030 жылға қарай электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін екенін айтқан болатын. Ел энергетикасы ондаған млрд доллар инвестицияға мұқтаж. «Оны кім қаржыландырады?» деген мәселеге әлі түйінді жауап жоқ. Себебі халық табысы аз, электр энергиясына тарифтерді көтеруге мүмкіндік бермейді. Дегенмен, әлемдік тренд бізге де ықпал ете бастағанын айтуға тиіспіз.
Қаржы • 16 Тамыз, 2022
Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы 2022 жылдың тамыз айында қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кейбір индикаторларға қатысты кезекті сауалдамасының нәтижелерін ұсынды. Онда 6 негізгі аспекті бойынша болжамдар жарияланған.
Қаржы • 16 Тамыз, 2022
Еуразиялық даму банкі 6 қатысушы-мемлекетке қатысты кезекті макроэкономикалық шолуын жариялады. Онда елдердің даму бағытына қысқа мерзімді перспектива аясында баға берілген.
Қоғам • 16 Тамыз, 2022
Қоғам өміріне көңіл терезесінен қарап, кездескен кейбір жағдайлардың күнгейі мен көлеңке жағын ой елегінен өткізіп жүресің. Осындайда бір көріністерге таңырқай қарап, санаңда қорыта алмай, әрі-сәрі күй кешіп, тіпті есеңгіреп қалатын кезің де болады.