Аймақтар • 13 Тамыз, 2019
Ауыл шаруашылығы – бизнестің бір көзі – дейді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин
Ақтөбе бұған дейінгі жылдары еліміздегі аграрлық өңірлердің қатарынан саналатын. Дегенмен, тәуелсіздік жылдарында өңір экономикасында өндіріс пен өнеркәсіптің үлес салмағы әжептәуір алға шығып, ауыл шаруашылығы солардың шаңын қауып қалғандай ахуал орнықты. Мұның басты дәлелі ретінде бүгінде аталған саланың өңір экономикасындағы үлесі небәрі 5 пайыздың төңірегінде екенін айтсақ та жеткілікті.
Саясат • 13 Тамыз, 2019
Нұр-Сұлтан: Жібек жолынан Женеваға дейін
Бұған дейін қала Астана атымен белгілі еді. Қазақстанның модернистік және арнайы жобаланған елордасы үстіміздегі жылдың басында елдің Тұңғыш Президенті және мемлекеттің негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне қайта өзгертілген болатын. Бірақ қала бұрынғысынша Орталық Азиядағы жетекші «әлем қаласы» атануға ұмтылып келеді. Бүгінгі тез өзгермелі заманда 1 миллионнан астам халық тұратын бұрынғы кеңестік қала мұнай мен газға бай аймақтың жаһандық проблемаларын шешу үшін конференциялар өткізу, компаниялар, БҰҰ агенттіктерін, үкіметтік емес ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да маңызды ойыншыларды тарту есебінен жаңа «Женева» атануға ниеттеніп отыр.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2019
«Туған елге саяхат» мәресіне жетті
Өткен жұмада балаларға арналған «Туған елге саяхат» жобасы өз мәресіне жетті. Осыдан екі ай бұрын басталған бастама аясында елімізден және көрші мемлекеттерден 600-ге жуық бала Нұр-Сұлтан, Тараз, Байқоңыр, Алматы қалаларында болып, Балқаш көлінде шомылды.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2019
Ауыл әйелі: кеше, бүгін, ертең
Оралда ауыл әйелдерінің форумы өтті. Форумды Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен облыс әкімдігі, «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, G-Global-дың халықаралық хатшылығы және «EXPO&WOMEN» халықаралық ұйымы ұйымдастырды.
Әдебиет • 13 Тамыз, 2019
Абай талқысы немесе ақынның шын туған күні қашан?
Алдағы жылы ұлы Абайдың 175 жылдығы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтеді. Осы мерейлі датаға байланысты Мемлекет басшысының арнайы Жарлығы жарияланып, атқарылуы тиіс жұмыстар басталып кетті. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы да халықаралық деңгейде кең көлемде тойланып, қыруар шаруа тындырылғаны белгілі.