Экономика • 31 Тамыз, 2022
Ұлттық банк тамыз айында макроэкономикалық сауалдаманы жариялаған еді. Сауалдамаға Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен айналысатын 11 ұйым қатысты. Респонденттер қатарына нарықтағы кәсіби қатысушылар, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кірді. Келешекте бұл тізімнің аясы кеңейтілуі мүмкін.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2022
Сайын дала төсіндегі сарғыш тартқан егістік алқаптары теңіздей толқып тұр. Өткен жылғы қуаңшылықпен салыстырғанда, биылғы егіннің жағдайы тәубе дерлік. Көктемде 5,2 млн гектар алқапқа дәнді дақыл тұқымдарын сіңірген ақмолалық диқандар ырыс жорығына аттанып кетті.
Қоғам • 31 Тамыз, 2022
Оқу жылы басталмай жатып мұғалімдердің көңіл күйі бұзылды. Себебі дене шынықтыру және еңбек пәндеріне өзгерістер енгізілген. Тарқатып айтқанда, 2022-2023 оқу жылы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» №604 бұйрығының күші жойылуымен және Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» №348 бұйрығын қолданысқа енгізу бойынша жаңашылдығымен басталмақ.
Қоғам • 31 Тамыз, 2022
Темір жол өткелдерінде текке өтіп жатқан есіл уақыт
Астананың үлкен айналма жолы пайдалануға берілгелі жолаушылардың уақыты, көлік жүргізушілерінің жанар-жағармайға жұмсалатын шығыны едәуір үнемделіп, бәрі де риза болып жүруші еді. Алайда биыл Бурабай курортына демалуға баратын, сондай-ақ Көкшетау мен Қызылжар өңірлеріне сапарлайтын және сол жақтардан елордаға сан шаруамен келетін азаматтардың бұрынғыша машақат шегулеріне тура келіп тұр.
Қоғам • 31 Тамыз, 2022
Түкірcең – айыппұл арқалайсың...
«Түкіргенім бар» деу қазір қауіпті. Қоғамдық орында шабытыңды шақырып, бақырып айғайлауға болар, бірақ қақырып түкіруге рұқсат жоқ. Аз түкірігің үшін көп айыппұл арқалайсың. Түкірмейтін адамдар «маған түк қатысы жоқ» деп ережені елемейтін шығар. Ал сәт сайын түкіретіндердің қалтасының түбі көріне бастауы әбден мүмкін.