Жеңіл атлетика • 08 Тамыз, 2017
Рыпакова әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына тұңғыш медаль салды.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2017
Жыл басынан бері ОҚО-ға келген туристер саны екі есеге жуық артты
2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысына 52 850 шетелдік және отандық туристер (былтыр 33 мың турист келген) саяхаттауға келген.
Қазақстан • 08 Тамыз, 2017
Ақпараттар ағынын бақылай отырып, балдырғандарға арналған байқауды көзіміз шалып қалды. Байқауды ұйымдастырушылар – «Қазақфильм» киностудиясы мен «Жас өркен» серіктестігіне кіретін газеттер мен журналдар. Олар қазақ анимациясын еліміздің жеткіншектері арасында насихаттауды мақсат етіп отыр.
Қазақстан • 08 Тамыз, 2017
Ұлы композитордың туған күніне орайластырылып жыл сайын өткізілетін ән байқауы ел ішінде жүрген талай талантты әншілердің жұлдызын жақты. Шәмші Қалдаяқов атындағы байқау ең алғаш Шымкентте 1992 жылы өткен болатын. Сол алғашқы байқаудың бас жүлдесін иемденген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Құрман Шойынбаевтың еңбегінің жоғары бағалануына Елбасы Н.Ә.Назарбаев тікелей ықпал еткенін көпшілік біле бермейді.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2017
Аңыздар мен абыздардың, ақындар мен батырлардың елі атанған Аягөзде «Күлдір де күлдір кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз. Күдеріден бау тағып, Ақ кіреуке киер ме екенбіз» деп жырлаған әйгілі жырау, батыр Ақтамберді Сарыұлына ескерткіш орнатылды.