Әдебиет • 08 Тамыз, 2017
Бұл ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында Алтай өлкесінде болған оқиға.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2017
«Қазақстан оқушысы-2017». Өскеменде дәстүрлі велокөпкүндік басталды
Өскеменде 6 тамыз күні «Қазақстан оқушысы-2017» дәстүрлі велокөпкүндігі басталып кетті.
Театр • 08 Тамыз, 2017
Осындайда еске түседі. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ортасы. Егемендік алдық деп бөркіміз қазандай болғанымен аяғынан енді қаз тұра бастаған Қазақстанның жағдайы аса мәз емес еді. Жоқшылықтың, жетіспеушіліктің, белгісіздіктің салқыны аңғарылып тұрғанда Алматыдағы жайлы жұмысын тастаған Райымбек Сейтметов өзінің туған жері Кентауға оралды. Кентаудың атағы әлемге шыққан бұрынғы өндіріс орындары бірінен соң бірі жабылып жұмыс таппаған, көзі қарайған жұрттың аласұрып жүрген кезі. Күнде ереуіл, күнде митинг. Ызалы айқай-шудан құлақ тұнады.
Театр • 08 Тамыз, 2017
Миллионнан астам тұрғынының саны тоқтау көрмей күн сайын артып, іргесі жылдан жылға кеңейіп, іріленіп келе жатқанымен Алматы секілді алып мегаполистегі халық мәдениеті дәл сондай қарқынмен өсіп келе жатыр ма – ойландыратын сауал. Әдетте урбанизация шеңгеліне мықтап іліккен шаһардың мәдениет деңгейінің көрсеткіші, әрине, сағыз шайнамайтын, түкірмейтін, дауыс көтеріп, қатты сөйлемейтін, мүмкіндігінше тазалыққа мүдделі адамдарды мысал еткен тар ұғымнан басталып, театр, көрме, концерт, басқа да әртүрлі демалыс орындарымен байланыстыратын кең түсініктермен түйінделіп жатады. М.Әуезов атындағы академиялық театрдың күн сайынғы спектаклінен қалмай, екі жарым жыл бойы бақылап жүргенде байқағанымыз, көрермен қатарын зал толтыру мақсатында мәжбүрлеп әкелетін мектеп оқушылары, Т.Жүргенов академиясының тегін кіретін студенттері, сап түзеп келетін сарбаздар, курсанттар, журналистер, әредік қолтықтасып келетін қаланың қариялары, ұл-қызы жетектеп келетін ауылдың ақжаулықты апасы мен ақсақалы секілді таныс топтар түзеді.
Қазақстан • 08 Тамыз, 2017
Ермековті ескеру елдік іс емес пе?
Алдымда «Егемен Қазақстан» газетінің 2017 жылғы 3 ақпандағы санында жарияланған «Алаш тұлғасы тұтынған бұйымдар» аталатын мақалаға көзім түсті. Оқып отырмын. Шағын мақала. Әлімхан Ермеков туралы. Дұрысы Ә.Ермековтің «Ұлттық музейге» қиыр-шиыр жолдардан өтіп барып, келіп түскен «бұйым-тайымы» туралы. Орысшаласақ, Ұлттық музейдің экспонаты туралы. Газет маңызды мәселе хабарлап отыр. Ә.Ермековтің көзілдірігі, қол сағаты Ұлттық музейге тапсырылыпты. Тамаша! Өркениетті елдерде ұлтының ұлы тұлғаларының тағдыр-тарихына қатысты титімдей экспонат табылса қуана қол соғады. Айқайлап айдай әлемге жар салады. Бұйым-тайымы табылды деп бас газетімізде жазылғандай Әлімхан Ермеков кім?