Қазақстан • 08 Тамыз, 2017
Қазақ күншілдіктен қалай арылады?
Түбінде, адам өмірге жақсы іс атқарып, жағымды сөз айтуға келеді. Дегенмен, біз жақындарымыз бен әріптестеріміздің, таныстарымыз және ауылдастарымыздың кейде сыртымыздан айтқан күншіл күңкілін есітіп, алдында ғана шат көңіл күйіміз күрт өзгеріп сала беретінін көріп жүрміз. Өткенімізді парақтасақ, сол «күншілдіктен» ұлтымыздың асыл азаматтары да мол зардап шеккенін сеземіз. Әйтпесе, қазақтың абызы Әбіш Кекілбайұлы: «Күншілдіктің шабалаңдаған күшігінің әупілі алыстан шықса – құлағыңды, жақыннан шықса – балағыңды тістейді, бірақ бәрібір жүрегіңді жаралайды», деп айтар ма еді?
Қазақстан • 08 Тамыз, 2017
Шапқан аттай, атқан оқтай зымырап өтіп жатқан уақыт. Қарап отырсақ күні кеше арамызда жүрген қазақтың қайсар мінезді қайраткері, Елбасының үзеңгілес серігі, көрнекті саяси тұлға Сарыбай Қалмырзаевтың да арамыздан кеткеніне бес жыл болыпты. Елім деген есіл ерді өткен шақпен еске алу, әрине, қиын. Бірақ оның артында қалдырған ауқымды ұлағатты ісін жас ұрпаққа үлгі-өнеге ету үшін ұдайы еске алып отыру азаматтық парыз. Өйткені ұрпақ жаңарып, заман алмасатын алдағы болашақта өскелең буын Елбасының қасында жүріп, тәуелсіз Қазақстанның қазығын қадап, ел тәуелсіздігін нығайту тәрізді ұлық істердің ұйытқысы болған азаматтар жайында қайта зерделеп, мұрағаттарды мұқият ақтарып, талай тарихи еңбектер жазуы тиіс.
Қазақстан • 08 Тамыз, 2017
Өткен аптаның аяғы, тамыз айының 5 күні Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қостанай облысының мәдени күндері басталды. Қостанай – қойнауына құт дарыған өлке. Бидай мен дәнді дақылдар егіп-баптауға таптырмас топырағы құнарлы мекен. Бір сөзбен айтқанда, «астықтың астанасы».
Инфографика • 08 Тамыз, 2017
Қазақстан • 08 Тамыз, 2017
Білікті маман заман сұранысына ие
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында көптеген маңызды міндеттер атап көрсетілген.