Әлем • 08 Тамыз, 2017
Екіжақты қатынастардың ауқымы кең
Тегеранда Иранның жаңадан сайланған Президенті Хасан Руханидің қызметке кірісуінің салтанатты рәсімі болды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ұлықтауға Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қатысты.
Қазақстан • 08 Тамыз, 2017
Солтүстікқазақстандықтар да Елбасының «Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – ел бірлігі болуы керек» деген ұлағатты сөзін қашанда жадында ұстайды. Ортақ үйіміздегі татулық бен тыныштықты басты құндылығымыз ретінде бағалап, стратегиялық таңдауымыздың дұрыстығына кәміл сенеді.
Қазақстан • 08 Тамыз, 2017
Қазақ жұрты тәуелсіздік босағасынан аттағалы бері әлемнің алпауыт елдерімен үзеңгі қағыстыруға талпынды. Осы мақсатта Елбасы Н.Назарбаев бүгінге дейін қаншама нақты реформаларды жүргізгені белгілі. Президенттің сарабдал саясатының арқасында әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарыштап даму жолына түстік.
Қазақстан • 08 Тамыз, 2017
Осы жылдың 4-24 тамызы аралығында еліміздің 14 облысында аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін сайлау өтеді.
Медицина • 08 Тамыз, 2017
Міндетті медициналық сақтандыру: оның тиімділігі неде?
Биылғы 1 шілдеден бастап еліміздің денсаулық сақтау саласына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіліп, алғашқы жарнаны жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлей бастады. Сала министрлігінің болжамы бойынша, 2017 жылы 23 млрд теңге көлемінде міндетті сақтандыру жарнасы түсуі тиіс. Оның 95 пайызы – кәсіпкерлердің аударымдары болса, 5 пайызы жарналарға тиесілі. Сонымен, Қазақстанның медицинасы тек бюджетке қарап отырмай, сақтандыру қорына түсетін жарна арқылы өзін-өзі қаржыландыруға кірісті. Денсаулық сақтау саласына нарықтық экономиканың талаптарын мықтап енгізе бастаған жүйе елдің үмітін қаншалықты ақтайды? Сақтандыру қоры арқылы қандай нәтижеге қол жеткізуіміз мүмкін, оның тиімділігі неде? Әңгімеміз осы жөнінде.