Ғылым • 09 Тамыз, 2024
Геномдық зерттеудегі маңызды қадам
Генетикалық зерттеу мемлекет әлеуетінде, адам өмірінде маңызды рөл атқарады. «CNN»-нің зерттеуіне сүйенсек, Қытай ауруларды емдеудің жаңа әдісін табу жолында генетикалық зерттеудің алтын кеніне айналған. Олар онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа әдістерін, инновациялық препараттар мен вакциналарды әзірлеуге миллиардтаған доллар инвестиция жасап жатыр. Бұл бағыттың бізге де ауадай қажет екені анық. Сол себепті де Ұлттық биотехнология орталығының базасында заманауи құралдармен жабдықталған, генетикалық, онкологиялық ауруларды диагностикалаудың инновациялық әдістерін әзірлейтін «Astana Genomic Centre» генетикалық зертханасы ашылды. Зертханаға құны 1 миллион доллар тұратын арнайы құрылғы алынған. Мұны пайдалана алатын мамандар да бар.
Қоғам • 09 Тамыз, 2024
Атырау облысының су айдындарына шомылуға әлі рұқсат берілген жоқ. Басты себеп – табиғи сипаттағы төтенше режімнің әлі де сақталуы.
Құқық • 09 Тамыз, 2024
Қитұрқысы көп киберқылмыспен күрес
Кейінгі кездері интернеттегі алаяқтар тудырған келеңсіздіктерге байланысты әлдебір бөтен телефон нөмірінен қоңырау түсе қалса, күдіктене қарайтынымыз рас. Ол адам сен үшін жақын адамың болуы да мүмкін екенін, сондай-ақ «алло» деген бір ауыз сөзің арқылы қалтаң қағылатынын да ойлайсың. Қалай дегенде де, айла артылмайтын әккі алаяқтардың айла-шарғысына тоқтау болмай тұр.
Энергетика • 09 Тамыз, 2024
«Жасыл» энергетика – жаһандық мәселе
Астанада Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «INESS-2024» халықаралық конференциясы өтті. Он екінші рет өтіп жатқан бұл жиын наноматериалдар мен энергия сақтаудың озық жүйелеріне арналған. Ғылыми мәжіліске елімізбен қатар Жапония, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Ұлыбритания, Тайвань мемлекеттерінің 150-ден астам ғалым мен зерттеушісі қатысты.
Әскер • 09 Тамыз, 2024
Тәуелсіз елдің тірегі әрі айбары – Отан қорғаушылардың кәсіби шеберлігі қашанда маңызды. Биылғы жылы әр салада еңбектеніп жүрген Отан қорғаушыларды қайта даярлаудан өткізу үшін елімізде кең көлемде әскери міндеттілердің жиындары өтіп жатыр. Қайта даярлаудан еліміз бойынша барлығы үш мыңнан астам әскери міндетті өтеді. Жақында ғана оның мың жарымға жуығы Абай гарнизонына қарасты «Шығыс» полигонында сап түзеді.