Ауыл • 02 Тамыз, 2018
Атырауда «Береке» шағын ауданындағы 300 пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, кезекте тұрғандарға 105 пәтерлі 2 тұрғын үйдің кілті тапсырылған. 195 пәтерлі тағы 4 тұрғын үй «Тұрғын құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы берілді.
Медицина • 02 Тамыз, 2018
Еліміздегі Білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы басталды. Кеше комиссияның алғашқы отырысы өтті. Комиссия отырысын Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жүргізді. Жиында еліміздің жоғары оқу орындарына биылғы оқу жылына студенттер қабылдауға дайындық жұмысы қорытындыланды.
Қазақстан • 02 Тамыз, 2018
Ауылдық кооперативтерге серпіліс керек
«Аршалы» брендімен сатылатын сүт өнімдерін өткізуде еш қиындық жоқ. Тұтынушылар өнімнің сапалы екендігіне әлдеқашан көз жеткізген. Санаулы уақыттардың ішінде пышақ үстінен бөліп алады. Дегенмен барлық сүт өндіруші кәсіпорындардың ісі сүттей ұйып тұрған жоқ.
Қазақстан • 02 Тамыз, 2018
Ұлттық кардиохирургия мамандары жүрек ауыстыру жөнінен әлем назарын аударған бірегей операция жасады
Бұл – отандық медицина бағындырған биік белес, үлкен жетістік деп бағалауға әбден лайық оқиға. Елордадағы ұлттық кардиохирургия орталығы бір-бірімен тікелей байланысты аса маңызды ғылыми тәжірибені жүзеге асырды: жасанды жүректі сынақтан өткізді және сол жасанды жүректі донор жүрекке сәтімен алмастырды. Бұл операцияның барысын әлем елдерінен 30-ға тарта дәрігер арнайы келіп көрді. Осылайша, Астанамыз 20 жылдық белесінде әлемдік озық медицинаның орталығына айналып келе жатқанын да айғақтады.
Қазақстан • 02 Тамыз, 2018
Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мақаласы аясында Қазталов ауданы орталығында тарихи-өлкетану музейі ашылды. Өңірдің өткен-кеткенінен мәдениет мекемесінің шаңырақ көтеруі әрине, жақсылықтың белгісі.