Ауыл • 02 Тамыз, 2024
Биыл шөп шүйгін. Малсақ қауым шындап кіріссе, екіжылдық мал азығын еркін жинап алуға толық мүмкіндік бар. Кей жылдары сараңсып шалғыны шалғыға ілікпейтін табиғи шабындықтың өзі қалы кілемдей құлпырып тұр.
Ауыл • 02 Тамыз, 2024
Барқытбелдің теріскейі мен Зайсан көлінің арасын жайлаған Тарбағатай ауданы қайта жаңғырғаны жұртқа мәлім. Арғысы шекара шебіндегі Ахметбұлақ аулынан бастап, бергісі көл жағасындағы Байтоғас, Тұғыл сынды ауылдарды түгелдей дерлік араладық. «Жүз рет естігенше, бір рет көр» деп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды көзбен көрдік, түйткілді мәселелеріне үңілдік. Тарбағатай жеке аудан болып, қайта уық тіктегеніне екі-ақ жыл. Осы уақыт ішінде киелі жердің күретамырына қан жүгіргендей, бірқатар игі істің басы қайырылғаны көрініп тұр. Проблемалар да жоқ емес.
Қоғам • 02 Тамыз, 2024
Жыл басынан бері 250 азамат құтқарылды
Биыл су айдындарында қауіпсіздік ережесін сақтамағандар саны сегіз есе көбейген. Ескертпелерді елемейтіндер Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Көлік министрлігінің бірлесе рейд, патрульдеу жүргізуі барысында анықталды. Олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша жауапқа тартылып, айыппұл арқалады.
Қоғам • 02 Тамыз, 2024
Жаһандық жылыну жайылымдарды тоздырып барады
Жуырда еліміздегі жайылымдардың 87 пайызының сапасы нашар жағдайда деген мониторинг қорытындысы шықты. Әсілінде «Қазақстандағы жайылымдардың жағдайы неге нашарлап барады?» деген сұрақ бізді ғана емес, кей елдерді де алаңдатып отырғаны белгілі. Өйткені біздің ел сыртқа қазба байлықтармен қатар астық, көкөніс, ет өнімдері сынды ауылшаруашылық тауарларын да экспорттайды.
Қоғам • 02 Тамыз, 2024
Кеніштегі жұмыс қашан жанданады?
«Майқайың-алтын» АҚ-на қарасты алтын шахтасындағы апаттан көз жұмған төрт азаматтың барлығы жер қойнына тапсырылды. Құтқарушылар соңғы екеуінің мүрдесін ойыққа құлаған топырақ арасынан жарты жылдан аса уақыт іздеді. Ақыры шілде айының екінші жартысында тауып, туыстарына аманаттады.