Аймақтар • 01 Тамыз, 2024
Қауіпті инфекцияны жеңудің алғашқы қадамы
Германияда жасы 60-қа келген азамат ЖИТС ауруынан айығыпты. Оның жазылып кетуінің бірден-бір себебі – 2015 жылы ақ қан ауруына ұшырап, сүйек миын ауыстарған. Сөйтіп 2018 жылдан бүгінге дейін ЖИТС-ке қарсы препараттар қабылдамаған. Дәрігерлер оған «Берлиннің жаңа науқасы» деген лақап ат қойыпты. Германияда сүйек миын ауыстырған тағы 6 адам ЖИТС-тен құтылған. Алдағы күндері Мюних қаласында 25-ші халықаралық ЖИТС-ке қарсы конференция өтеді. Соның қарсаңында осы қуанышты хабар жарияланып отыр.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2024
Қанша жылдан бері қараусыз жатқан Фосфоршылар сарайы ақыры бұзылатын болды. Белгілі кәсіпкердің иелігінде болған, одан әлдебіреулердің қолына өтіп, соңында қаңырап бос қалған алып ғимарат бірінші кезде қайта жаңғыртылатын болып шешілген. Алайда құрылыстың сапасын анықтаушы сарапшылар нысан пайдалануға жарамайды деген соңғы қорытындысын шығарған.
Руханият • 01 Тамыз, 2024
Эльза Панаева қазақ тілін өз ана тілім деп санайды. Бес тілді меңгергенімен, жанына жақыны, көңіліне қонымдысы – жергілікті ұлт тілі.
Руханият • 01 Тамыз, 2024
Францияның Шығыс Археология институты мен Оксфорд университеті бірлесіп атқарып жатқан «Көшпелілер империясы» жобасының белсенді мүшесі һәм Парис Нантерре университетінің профессоры Мари Фавэру ханым (Marie Favereau) үш жылдың алдында «Алтын Орда» (The Horde) атты кітап жазып, бұл туынды Гарвард университеті баспасынан жарық көрген болатын. Жаңа пайым, тосын көзқарас, тың деректерге құрылған бұл шығарма қазіргі таңда әлем назарын аударып отыр. Туынды үш жыл ішінде барлық Еуропа тілінде сөйледі. Ғалым өзінің жаңаша пайымы туралы әлемдік баспасөз беттеріне мақала жазып, телесұхбаттар беріп жүр. Осы дереккөздерді негізге ала отырып, аталған туындыны таныстыруды жөн көрдік.
Спорт • 01 Тамыз, 2024
Сейсенбіде Париж Олимпиадасында тағы бірнеше жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Өкінішке қарай, бұл тәулікте де Қазақстанның қоржынына бірде-бір медаль түспеді. Әсіресе біз дзюдошы Абылайхан Жұбаназар мен Есмигүл Куюлова және жүзуші Әділбек Мусиннің жолына үмітпен қарадық.