Қоғам • 28 Тамыз, 2020
Мағзұм Мырзағалиев "Қазгидромет" РМК жұмысшыларын марапаттады
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев "Қазгидромет" РМК жұмысшыларын марапаттады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 28 Тамыз, 2020
МӘМ қызметкерлерін психоневрологиялық аурулары бар азаматтарды оңалтуға оқытады
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында Қазақстанда алғаш рет Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (бұдан әрі – МӘМ) мамандарын психоневрологиялық аурулары бар балалар мен ересектерді оңалту бойынша онлайн-оқыту жүргізіледі. Жоба ағымдағы жылғы қыркүйек айының ортасында 28 МӘМ-де басталады. Бұл туралы Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2020
Қала құрылысының кодексі әзірленбек
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, қала құрылысы кодексі жобасының тұжырымдамасын әзірлеудің орындылығын анықтауға бағытталған сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында зерттеулер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 28 Тамыз, 2020
Ардақ Әшімбекұлы ҚР Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 28 Тамыз, 2020
Парламент Сенатының депутаты Бектас Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бектас Әбдіханұлы Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.