Білім • 27 Тамыз, 2020
Алматыда сарапшылардың қатысуымен телемарафон өтіп жатыр
Бүгін Алматының білім беру саласының қызметкерлерінің қатысуымен "Алматының білім беру болашағы: жаңа кезеңдегі перспективалық шешімдер" атты Форум өтуде. Форум - "Алматы"телеарнасының тікелей трансляциясында, ашық форматта өтіп жатқанын атап өткен жөн. Барлық тілек білдірушілер редакцияға қоңырау шалып, сарапшылар қатысып отырған телемарафонға сұрақтар мен ұсыныстарды айта алады.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2020
"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Үкаша ата кесенесіне зират етушілерді таза ауыз сумен қанымдау және нысан маңындағы көшеттер мен гүлдерді суарып, көгалдандыру ісі өз шешімін тапты. Бұл шара демеушілер тарапынан қолдау тауып, кесене жанынан құны 5 000 000 теңгені құрайтын 40 метрлік артезиан құдығы қазылды. Сонымен қатар, құдық маңына тас төселіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді, - дейді қорық-музейдің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2020
Еңбекшіқазақ ауданында "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында 106 жоба жүзеге асырылуда
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 106 нысан жөндеуден өтіп, салынуда. Өңірдің халық ең тығыз қоныстанған ауданында жаңа мектеп салынып, саябақ жаңаруда, көшелер жарықтандырылып, жолдар жөнделіп, инженерлік жүйелер төселуде. Бұл жұмыстарға 11,5 млрд. теңге бөлінген, - деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 27 Тамыз, 2020
Кезекші сыныптарға қандай талап қойылады?
Кезекші сыныпта дәстүрлі форматта білім беру барысына бірнеше қатаң талап қойылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Президент • 27 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы: Конституция Тәуелсіздігіміздің берік құқықтық негізін қалады
Қасым-Жомарт Тоқаев «XXI ғасырдың Конституциясы – құқық үстемдігі, адамның құндылығы және мемлекеттің тиімділігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның және Азия конституциялық соттары және балама институттар қауымдастығы IV Конгресінің пленарлық отырысына онлайн режимде қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.