Қасым-Жомарт Тоқаев «XXI ғасырдың Конституциясы – құқық үстемдігі, адамның құндылығы және мемлекеттің тиімділігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның және Азия конституциялық соттары және балама институттар қауымдастығы IV Конгресінің пленарлық отырысына онлайн режимде қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғанын, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ата Заңымызға идеялық тұрғыдан бастамашы болғанын, іргелі құжатты әзірлеу жұмысын Елбасының өзі басқарғанын атап өтті.
– Конституция Тәуелсіздігіміздің берік құқықтық негізін қалады. Адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп жарияланды. Еліміздің аумақтық тұтастығы, қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, құқық үстемдігі және демократия қағидаттары бас құжатымызда айқын көрініс тапты. Конституцияда Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттілігін қалыптастыру үшін аса маңызды құқықтық, саяси және әлеуметтік-экономикалық алғышарттар да айқындалды, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның мазмұны уақыт талабына сәйкес жетіліп, жаңартылып отыратынын, оның заңды құбылыс екенін айтты. Бүгінде бүкіл әлемнің кескін-келбеті өзгеріп жатыр. Осындай кезеңде Қазақстан да көштен қалмай, қарқынды дамуда. Сондықтан қалыптасқан жаңа ахуалға сай Ата заңның мәтініне қосымша құқықтық тетіктер мен нормалар енгізіліп отырады. – Ата заңымыз қабылданған ширек ғасыр ішінде үш конституциялық реформа жасалды.
Бұл жұмысқа азаматтық қоғам кең көлемде атсалысты. Дегенмен, Конституцияның жасампаздық әлеуеті әлі де зор. Әсіресе, қоғам тарапынан туындаған әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы талап-тілектерге толыққанды жауап беретіндей мүмкіндіктері мол екені сөзсіз, – деді Президент. Мемлекет басшысы жалпыға ортақ демократиялық қағидаттарды нығайта түсу, адамдардың және азаматтардың құқығы мен бостандығына кепілдікті күшейту еліміздің алдында тұрған басты міндет екеніне тоқталды.
– Парламент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастамасы бойынша бірқатар маңызды заңнамалық өзгерістерді қабылдады. Елімізде бейбіт жиналыстар туралы демократиялық тұрғыдан мүлде жаңа заң күшіне енді, саяси партияларды құру және тіркеу үдерісі едәуір жеңілдетілді, сайлаудағы партиялық тізімдерге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді, сондай-ақ, жала жапқаны үшін қылмысқа тарту талабы алынып тасталды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Ата заңның ережелерін жүзеге асыру ісінде Конституциялық кеңестің маңызы ерекше екенін, аталған кеңес Конституцияның ел аумағында үстемдік етуін қамтамасыз етіп, конституциялық талаптардың мән-мазмұнын түсіндіру тұрғысынан орасан зор жұмыс атқаратынын жеткізді. Сонымен қатар биыл Қазақстанның Конституциялық кеңесі Азия конституциялық соттары қауымдастығы мен Конституциялық бақылау органдарының еуразиялық қауымдастығына төрағалық етіп жатқанын атап өтті. Президент сөз соңында конференцияға қатысушыларды Ата заңның мерейлі мерекесімен құттықтады.
– Қазақстан Конституциясында әлемдік құқықтық ойдың озық жетістіктерімен ұштасқан қазақ халқының сан ғасырлық бай тәжірибесі және даналығы көрініс тапқан. Ата заңымыз алдағы уақытта да мемлекетіміздің саяси және экономикалық тұрғыдан табысты дамуының айнымас кепілі боларына сенімдімін. Баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығымен құттықтаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция барысында Еуропа кеңесінің құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясының президенті Джанни Букиккио, Еуразиялық Экономикалық Одақ сотының төрағасы Жолымбет Бәйішов, Германия халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының бас директоры Фрауке Бахлер, Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо сөз сөйледі.
ШҚО-да 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады
Аймақтар • Бүгін, 12:58
Қазақстанда алтын өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды
Қазақстан • Бүгін, 12:46
Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды
Аймақтар • Бүгін, 12:41
Елімізде кинотеатр билеттері айтарлықтай қымбаттады
Кино • Бүгін, 12:38
Жануарларға жәбір көрсеткендерге қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Экология • Бүгін, 12:33
Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады
• Бүгін, 12:18
Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды
Саясат • Бүгін, 12:15
Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді
• Бүгін, 12:06
Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 12:05
Сарапшылар құбырдағы судың сапасын тексерді
Экология • Бүгін, 12:03
Нұр-Сұлтанның орталығында жол опырылып түсті
Оқиға • Бүгін, 11:49
Nur Otan-ның жұмысын 1738 қоғамдық кеңес қадағалайды
Қоғам • Бүгін, 11:45
Экономика • Бүгін, 11:44
«Ертіс орманы» резерватындағы өрт сөндірілді
• Бүгін, 11:36
Елбасы Түрікменстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Елбасы • Бүгін, 11:20
Қазақстанда коронавирустан 23 науқас көз жұмды
Қоғам • Бүгін, 11:14
Қазақстанның Қырғызстан және Үндістандағы елшісі қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 11:12
Мемлекет басшысы бірқатар мемлекетке жаңа елшілер тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 11:08
Ерлан Әлімбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:56
ШҚО-дағы Шар өзенінде балық қырылуда
Аймақтар • Бүгін, 10:49
Мемлекет басшысы Түрікменстан президентіне көңіл айтты
Президент • Бүгін, 10:39
Шымбұлақ шыңынан 6 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 10:32
Бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:30
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Бүгін, 10:20
Қазақстанда вакцина салдырғандар саны 700 мыңға жуықтады
Коронавирус • Бүгін, 10:15
Биыл 683 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 09:59
Құрттың ішінен есірткі табылды
Аймақтар • Бүгін, 09:43
Спорт • Бүгін, 09:40
Қызылордада ауа сапасы нашарлайды
Аймақтар • Бүгін, 09:22
Шекарашы сарбаздар ант қабылдады
Қазақстан • Бүгін, 09:20
Ақтоты Райымқұлова Ғазиза Əбдінәбиеваның отбасына көңіл айтты
Өнер • Бүгін, 09:14
Кәсіпқой бокс: IBF-тің рейтингі жарияланды
Спорт • Бүгін, 09:11
Елімізде бір тәулікте 2719 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Теннис • Бүгін, 07:56
Хоккей • Бүгін, 07:54
«Сары мысық» фестивальді ашады
Кино • Бүгін, 07:52
Руханият • Бүгін, 07:50
Тасқынға қарсы әзірлік ойдағыдай
Оқиға • Бүгін, 07:40
Әлем • Бүгін, 07:38
Аймақтар • Бүгін, 07:33
Жұмыскерлер жалақысы 30 пайызға өседі
Қоғам • Бүгін, 07:29
«Мал ашуы – жан ашуы» (Ұры-қары жұртты қашанғы басынады?)
Қоғам • Бүгін, 07:27
Шымкенттіктерді қоныс аударуға шақырды
Аймақтар • Бүгін, 07:26
Заң шығару талаптары жаңартылды
Саясат • Бүгін, 07:25
Бірінші тоқсанда – 19 848 бірлік автомобиль
Экономика • Бүгін, 07:24
Бурабай баурайындағы берекелі бірлік
Аймақтар • Бүгін, 07:22
Вокзалдардағы шектеулер туралы
Қоғам • Бүгін, 07:20
«Сары аймақта» сақтық күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 07:17
Көп қабатты тұрғын үйге сұраныс көбейді
Қоғам • Бүгін, 07:14
Сұхбат • Бүгін, 07:13
Ауыл мәдениетінің ауқымы тарылмасын
Ауыл • Бүгін, 07:12
Астық егетін аймақтарда науқан мамырда басталады
Экономика • Бүгін, 07:12
Төрт боксшы ширек финалға шықты
Бокс • Бүгін, 07:10
45 мың бет дәрілік нұсқаулықтар аударды
Қоғам • Бүгін, 07:05
Инвестициялық штаб жиынында қаралды
Үкімет • Бүгін, 07:01
Актриса Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды
Қоғам • Кеше
Еркін күрестен Азия чемпионаты аяқталды
Спорт • Кеше
Олег Болтин еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Спорт • Кеше
«Ертіс орманы» резерватында өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Электронды билеттеу жүйесі: Үміт пен күдік
Аймақтар • Кеше
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
Қазақстан • Кеше
Толағайлар Ташкентте сайысқа түсті
Спорт • Кеше
«Бір терезе» ме, әлде, «Жүз терезе» ме?..
Қоғам • Кеше
Теннис • Кеше
Руханият • Кеше
Медицина • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар