Президент • 05 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы Асхат Аймағамбетовты қабылдады
Асхат Аймағамбетов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Білім және ғылым министрлігінің жаңа оқу жылына дайындық және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп берді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Абай • 05 Тамыз, 2020
10 тамыз "Абай күні" болып белгіленді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 05 Тамыз, 2020
ҚМДБ елордағы өкілдігі қор мүшелеріне көмек көрсетті
ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен бүгін бас шаһардағы "Бақытты шаңырақ" мүгедектігі бар бала тәрбиелейтін отбасылар қорына қайырымдылық шарасы жасалды. Қор төрайымы Пернеш Абдукаримқызының жасаған өтінішіне орай бүгін елорда өкілдігі атынан қор мүшелеріне 100 сөмке ет және азық-түлік қоры берілді.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2020
Жамбыл облысында коронавируспен ауырғандар саны азайып келеді
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында коронавирус індетімен күрес оң нәтиже беруде. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде қауіпті дерттен сауыққан адамдар саны арта түскен. Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, соңғы тәуліктегі жағдай бойынша өңірде коронавирус індетінің расталған жағдайларының саны 3724-ке жетсе, бүгінде оның ішінде 3019 адам сауығып, ауруханалардан шығарылған. Бұл көрсеткіш жалпы тіркелген жағдайлар санының 81 пайызын құрайды екен. Сондай-ақ, күн сайын 70-ке жуық науқас стационарлардан шығарылуда, - деп жазады Egemen.kz
Экономика • 05 Тамыз, 2020
Ұлттық Банк Қазақстан экономикасының құрылымдық проблемалары туралы айтып берді
Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтің базалық мөлшерлеме, инфляцияны төмендету және 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы төлем балансының жай-күйі туралы негізгі тезистерін таратты. Біз соның ықшамдалған нұсқасын дайындадық, - деп хабарлайды Egemen.kz.