Елорда • 30 Тамыз, 2023
Адам құқы және заң құндылықтары
Астана қаласында «Конституцияның үстемдігі – мемлекеттік егемендіктің, тұрақты дамудың, заңдылық пен құқықтық тәртіптің, адам құқықтарын қорғаудың негізі» тақырыбында Конституциялық бақылау органдарының еуразиялық қауымдастығының I конгресі өтті.
Қоғам • 30 Тамыз, 2023
Мұрат Ахметов: Конституциялық реформа прокуратураның мәртебесін күшейтті
Бүгін – мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі, заң үстемдігінің басты іргетасы саналатын Ата Заңымыздың қабылданғанына 28 жыл. Мемлекет атынан заңнама мен құқықтардың сақталуын қадағалап, бақылайтын прокуратура органдары үшін бұл мерекенің орны ерекше. Бас прокуратураның Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы Мұрат Ахметов Конституция күні қарсаңында «Egemen Qazaqstan» газетіне арнайы сұхбат беріп, прокуратура органдарының алдына қойылған міндеттер, заңдылықтардың сақталуы мен адам құқығының қорғалуы жайында келелі ойларымен бөлісті.
Шаруашылық • 30 Тамыз, 2023
Кейінгі он жылда еліміз майлы дақылдар өндірісін мықтап қолға алды. Егіншілік саласын әртараптандыруға және майлы дақылдарды өсіруді субсидиялауға негізделген мемлекет саясаты осы сектордағы импорттық үлесін азайтуға және саланың қайта өңдеу өндірісін дамытуға барынша басымдық беріп жатыр. Елімізде май-тоңмай өндірісі жыл санап қарыштап алға басып келеді.
Шаруашылық • 30 Тамыз, 2023
«ҚазАгроҚаржы» жеңілдетілген бағдарламаларға қатысуға өтініш қабылдайды
Ауыл шаруашылығы секторы ел экономикасы үшін қашанда маңызды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі жылдары бұл салаға ерекше мән беріп, агроөнеркәсіп кешенін қолдау шараларын күшейту қажеттігін айтып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға Үкімет қана емес, аталған саладағы ірі компаниялар да елеулі үлес қосып жүр. Солардың бірі – «ҚазАгроҚаржы» АҚ ұсынып отырған бағдарламаларға тоқталып өтуді жөн көрдік.
Президент • 30 Тамыз, 2023
Президент қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.