Аймақтар • 04 Тамыз, 2020
Полицейлер карантин режимін бұзған 18 нысанды анықтады
Материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2020
Шымкентте мобильді топтар 53 мың науқасты тегін дәрімен қамтамасыз етті
Шымкент қаласындағы емханалар жанынан құралған мобильді топтар 53 мың науқасты тегін дәрімен қамтамасыз етті. Медицина мамандары дәрілік заттарды диспансерлік есепте тұратын науқастардың үйіне жеткізіп берген, деп жазады Egemen.kz
Парламент • 04 Тамыз, 2020
Қызылорда аграрлары күріш алқабын суаруға су тапшы екенін жеткізді
Егін егушілер өз мәселесін Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлына айтты. Жаңақорған мен Шиелі аудандары тұрғындарының айтуы бойынша Сырдария өзенінің суы төмендеуде, осыған байланысты олар әкімдікке жүгінген. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 04 Тамыз, 2020
Мәжіліс депутаттары ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелерін талқылады
Мәжіліс депутаттары Балайым Кесебаева мен Абзал Ералиев Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғындарымен кездесті.
Парламент • 04 Тамыз, 2020
Сенатор Мақтаарал ауданын қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты
Өңірге жасаған сапарында Парламент Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевпен бірге Мақтаарал ауданының Өргебас, Фирдоуси елдімекендеріндегі қалпына келтіру жұмыстарымен, сондай-ақ Мырзакент ықшамауданының құрылысымен танысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.