Аймақтар • 04 Тамыз, 2020

Полицейлер карантин режимін бұзған 18 нысанды анықтады

133 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Полицейлер карантин режимін бұзған 18 нысанды анықтады

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзған 18 кәсіпкерлік субъект анықталды. Олардың арасында ойын-сауық, сауналар, дүкендер, лото-клуб, кальян-бар және көлік жуу орындары бар. 3 тамызда сағат 24:00 шамасында Сарайшық көшесінде лото-клуб жұмыс істеген. Ойын мекемесінде карантин шараларына қарамастан, келушілер ұтыс тіккен.

Сондай-ақ мобильді топ түнгі уақытта Еркөкше көшесіндегі саунада карантин режимінің талаптарын елемей, бос уақытын өткізген алты адамды анықтады. Сол түні Абылай хан көшесінде көлік жуу қызметі жұмыс істеген. Әкімші жұмыс орнында бола отырып, машиналарға қызмет көрсетуге рұқсат берген. Сонымен қатар тамақтану орындары да тексерілді. Түнгі уақытта жұмыс істеген және азаматтарды қабылдаған екі кафе анықталды. Келушілер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзып, өздеріне және жақындарына вирус жұқтыру қаупін төндірді.

"Жиналған барлық материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді. Полиция, эпидемиологтар, еріктілер, жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған мобильді топтар карантин режимін бұзғандарды анықтауды жалғастыруда. Тексеру барысында полицейлер ойын-сауық орындарына, қоғамдық тамақтану нысандарына, сауналарға, моншаларға кіріп, иелеріне қазіргі карантин шаралары туралы ескертеді, сондай-ақ заң бұзушылық фактілерін анықтайды", - делінген хабарламада. Нұр-Сұлтан полиция департаменті азаматтарға карантин шараларын бұзғаны үшін жауапқа тартылатыны туралы ескертеді және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.