Басылым • 24 Тамыз, 2023
Бабаларымыз қаймағын бұзбай бүгінге жеткізген дәстүрлі дін мен салтымыз – ел діңгегі. Иман таразысы түзу, діліне берік халықтың өресі жоғары, рухы биік. Ислам діні даламызға өркен жайған тұста-ақ ұлт диірменінен өтіп, Ясауи, Мәшһүр Жүсіп, Абай, Шәкәрім, Ғұмар Қараш, Сәдуақас Ғылмани сынды бірегей тұлғаларымыз арқылы елдік руханиятпен біте қайнасты.
Спорт • 24 Тамыз, 2023
Хорватияның астанасы – Загребте өтіп жатқан әлем біріншілігінде еліміздің жасөспірімдер құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль олжалады.
Ұлттық спорт • 24 Тамыз, 2023
Желдей жүйткіген жүйріктің жүгенімен алысу үшін әрине, үлкен жүрек керек. Әсіресе аламандағы дүбірде тұлпар топ жару үшін шабандоздың тақымы тастай, жігері қылыш, білегі құрыш болуы әсте, маңызды. Былайша айтқанда, қазанаттың бабын атбегі тапса, бағын шабандоз бала жағады. Елдің аузында жүрген Арқадағы Мейір Нұрболатов деген шабандоз тақымдаған тұлпарға Жаратқанның нұры түсер ме дерсіз? Түкіріп қоялық, аламан бәйгенің үнемі алдында келеді. Өзі шынашақтай болып-ап, асауға ауыздық салғанын көргенде «мына жігіт жүрегін жұтып алған ба?» деген ойда қаласыз…
Қоғам • 24 Тамыз, 2023
ЕАЭО елдері интеграцияның нақты пайдасын сезінуі тиіс – Әлихан Смайылов
Цахкадзор қаласында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің Үкімет басшыларының қатысуымен өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысында ЕАЭО-дағы интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлар талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 24 Тамыз, 2023
Шымкенттің цирк өнері майталмандары жуырда XIV халықаралық «Азия жаңғырығы» фестивалінен алтын жүлдемен оралды. Астанада 11 мемлекет өнерпаздары арасында өткен осы халықаралық жарыста әуе гимнасшылары Закиржон Сайдуллаев пен Елизаветта Штыб Carpe Diem, яғни «Сәтті қағып ал» атты нөмірмен бас жүлде жеңіп алды.