Саясат • 28 Тамыз, 2020
Жолдау: Көзделген мақсатқа қол жетті ме?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр 2 қыркүйекте ел дамуына ерекше серпін берген Жолдауын жариялаған-ды. Содан бері де бір жылдың жүзі болыпты. Ауқымды жұмыс атқарылып, ілкімді істер қолға алынды. Ел Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты бұл Жолдауы көптің көкейінде жүрген өзекті мәселелерді таразы-талқыға салып, оның шешу жолдарын ұсынды. Бұл ретте біз жүктелген жұмыстар мен маңызды міндеттердің, талапты тапсырмалардың орындалуын, оның жемісі мен нәтижесін саралап көрген едік. Сонымен...
Пікір • 28 Тамыз, 2020
Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 25 жыл толып отыр. Ширек ғасыр ішінде Конституция азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекетіміздің жүйелі түрде дамуын қамтамасыз етіп келеді. Елімізде конституционализмнің өзіндік ерекшеліктері мен бай тарихы бар. Бұған дейін қабылданған конституциялардың мемлекеттілігімізді нығайтуда әр қайсысының жеке тарихи миссиялары болғанын бәріміз жақсы білеміз.
Руханият • 28 Тамыз, 2020
Дала мәдениетін бойына сыйдырған дана халқымыздың дүрия дүниеден алған бір еншісі болса, ол – айбарлы Ата Заң. Тәй-тәй басқан тәуелсіздіктің бұғанасын бекітіп, қадамына құт дарытқан да сол егемен ереже. Содан да болар, ұлт тұтастығына ұйытқы болған мерейлі сәтті мұқым қазақ мерекесі мен берекесіне балайды. Биыл Конституциямыздың 25 жылдық мерейтойы. Соның қарсаңында руханиятымыз тағы бір толымды туындымен толықты. Қазақ ақындарының аманатын арқалаған «Жыр арқауы – Ата Заң» атты жинақ Конституциялық Кеңестің ұйытқы болуымен жарық көрді.
Қазақстан • 28 Тамыз, 2020
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тарихында қазақ ұялатындай ештеңе жоқ», дейді. Ұялмайтынымыз – Ұлы дала төсінде ұлттың ұятын түгендеп, өмірлік ұстанымын шегендеген өз жолымыз болды. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», әз Тәукенің «Жеті жарғысы» еді Қазақ елінің қайнар бұлағы.
Спорт • 28 Тамыз, 2020
Әйгілі АСА (Absolute Championship Akhmat) промоушенінің ұйымдастыруымен 19 қыркүйекте Мәскеуде аралас жекпе-жектен халықаралық турнирдің жалауы желбірейді. Дүбірлі додада Қазақстанның төрт бірдей өрені өнер көрсетеді. Олар – Асылжан Бақытжанұлы, Артем Резников, Нұрберген Шәріпов және Георгий Кичигин.