Ата заң • 27 Тамыз, 2024
Конституция – заң үстемдігінің басты кепілі
Ата заң – мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі әрі заң үстемдігінің басты кепілі. Конституция күні қарсаңында Конституциялық сот пен Парламентаризм институты бірлесіп өткізген «Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғамның және қазіргі мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» атты халықаралық конференция еліміздің саяси және даму жолындағы стратегиялық бағыт-бағдарын айқындайтын Ата заңымызға арналды.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2024
Қала мен аудандарда жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясы өтіп, балаларды қуантуға асыққан демеушілер тарапынан көмек көрсетіліп жатыр.
Қылмыс • 27 Тамыз, 2024
Тайынша ауданында көптен естілмеген қарақшылық қылмыс тіркелді. Қас қарая бір топ адам 41 жастағы ауыл тұрғынының үйінің есігін қиратып, баса-көктеп кірген. Қарақшылардың қолындағы қаруынан қорыққан үй иесі ешқандай қарсылық көрсете алмаған.
Қоғам • 27 Тамыз, 2024
1 тамыздан басталған «Мектепке жол» республикалық акциясы үлкен қалалардан бастап, барлық ауыл-аймақта жалғасып жатыр. Іс-шараның мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, асыраушысы жоқ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған жеткіншектерге көмектесу.
Пікір • 27 Тамыз, 2024
Қарттар үйіне барғыңыз келмесе...
Бұрын қазақ жерінде «қарттар үйі» мен «балалар үйі» секілді «тастандылар» мекенінің болмағаны өз алдына, тіпті ұлттық дүниетанымымызға мұндай түсініктің өзі жат. Біз жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, қартын құрметтеген ел едік.