Аймақтар • 26 Тамыз, 2019
Алматыда «Жас кәсіпкер» жобасының аясында екінші толқыны оқытылуда
«Жас кәсіпкер» жобасының қатысушыларына әлеуметтік желілердің, бизнестің алдында ашатын мүмкіндіктер туралы Facebook және Instagram, SMM-практиктер жөніндегі сарапшы, практикалық интернет-маркетинг мектебінің бас директоры Майгүл Бүргебаева шеберлік дәрісін өткізіп, оған Бостандық, Әуезов және Алмалы аудандарынан 150-ге жуық тыңдаушы қатысты. Тыңдаушылар SMM аясында «Facebook және Instagram арқылы өз тауарлары мен қызметтерін қалай ұсыну керек» тақырыбы аясында көптеген танымдық ақпараттармен алмасып, заманауи кеңістіктің мүмкіндіктерін игерді.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2019
Алматыда Орталық саябақта егіздер шеруі өтті. Жүз елуден астам егіздер жиналған мереке балалар ғана емес, егіздер тәрбиелеп отырған отбасылар үшін ерекше күнге айналды.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2019
Алматыда Nur Otan партиясын қайта жаңғырту мәселесі талқыланды
Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалында партияны қайта жаңғырту туралы мәселелер пысықталды.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2019
Бейбіт күннің батыры – Гаухар Уәлиханова
Гаухар Уәлиханова – Арыстағы жарылыстың эпицентрінде орналасқан «Алтын тұмар» балабақшасының меңгерушісі. Ол алапат апат аймағынан 113 бүлдіршін мен 27 қызметкерді алып шыққан. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында жазды.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2019
Алматыда жоғары сынып оқушылары өз жолын таңдады
«Өз жолыңды тап» - «Find Your Way» деген атаумен Алматыда жоғары сынып оқушылары, колледждер мен бірінше курс студенттерінің студенттік өмірін барынша тиімді әрі қызықты өткізулеріне ықпал етуді мақсат ететін іс-шара өтті. Бұл шараға 15-18 жас аралығындағы 200 адам қатысып, оннан астам сарапшы олармен жеке және кәсіби өсудің құпияларымен бөлісті.