Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Алматыда егіздер шеруі өтті

734 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Орталық саябақта егіздер шеруі өтті. Жүз елуден астам егіздер жиналған мереке балалар ғана емес, егіздер тәрбиелеп отырған отбасылар үшін ерекше күнге айналды.

Алматыда егіздер шеруі өтті

Егіз қозыдай өсіп келе жатқан балалардың тәрбиесінде ата-анасы ғана емес, ата-әжелері мен көмекшілерінің орнын ерекше атап кеткен жөн.  Мерекелік шарада балалар ғана емес, ата-аналары, ата-әжелері де пікірлесіп, тәрбие барысындағы тәжірибелерімен бөлісті. Тіптен, болашақ сәбилерінің егіз болып туылатындығынан хабардар болған ер адамдардың бірқатары  қобалжу сәттерін басынан өткергендігін естігінде егіз бала тәрбиесінің оңай болмайтындығына көз жеткізе түскендей болдық.   

Дәрігердің әрбір тексеруіне келген сайын қолбалжулы күй кешкен әкелер кейіннен сәбилері өмірге келгенде ерекше қуанғандарын да жасырмады. Ал мына бір отбасының тарихы мүлде өзгешелігімен қызықтырды. Алмас пен Назираның отбасында өмірге келген егіз ұлдың есімдерін қоюдың өзі үлкен жауапкершілік жүктепті. Мамыр айының 9-ы күні дүние есігін ашқан қос сәбидің есімін ата-әжесі мен ата-анасы көп ойланбастан, қазақтың тау тұлғалы батырлары Бауыржан мен Рақымжан аталарындай болсын деп ырымдап  қойған екен. Бұл күндері төрт жасқа келген егіздер ата-әжесінің көз қуанышы. Батыр аталарындай еліне қызмет ететін азаматтар болып өсуі үшін отбасы мүшелері Бауыржан мен Рақымжанға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат етеді.

 

 

АЛМАТЫ