Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Алматыда Nur Otan партиясын қайта жаңғырту мәселесі талқыланды

221 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Nur Otan  партиясының Алматы қалалық филиалында партияны қайта жаңғырту туралы мәселелер пысықталды.

Алматыда Nur Otan партиясын қайта жаңғырту мәселесі талқыланды

Алматыда партияның Саяси кеңесінің мүшесі, АҚФ төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.  Отырыс барысында Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының партияны қайта жаңғырту туралы Саяси кеңесінің шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі міндеттері туралы мәселелері қаралды.

Саяси Кеңесте Бақытжан Сағынтаев азаматтардың партиямен және атқарушы органдармен диалогын күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Осы арқылы халықтың өзекті мәселелерін шешу қажет.

«Бізде «Бақытты отбасы – Алматы»  қорының жұмысы жолға қойылды. Тәжірибе бар. Бүгінде 3 мыңға жуық анаға көмек көрсетілді. Бір ай бұрын республикада алғаш болып «Мобильді халыққа көмек» жобасын іске қостық. Осы уақыт ішінде қала шетінде орналасқан базарлар мен вокзалдарда меморган басшылары мен депутаттар 1300 адамды қабылдады. Мәселенің 67 пайызы оң шешімін тапты. Мәслихат депутаттары басшылық еткен әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарда 60 партиялық бақылау бекеттері орналастырылды», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Жиында АҚФ төрағасы Бақытжан Сағынтаев бірқатар шешім қабылдады. Апта сайын Б.Сағынтаевтың қатысуымен Nur Otan партиясының филиалында өзекті мәселелер бойынша шұғыл жиындар өткізу, филиал жанынан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарау жөніндегі Азаматтық комитет құрылады. Бұл комитет меморгандармен бірлесіп, мәселенің шешу жолдары мен олардың орындалуын бақылайды. Сондай-ақ мәслихаттағы фракцияның рөлін арттыру, Jas Otan және Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің жетекшілігімен ЖОО-дағы жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және қала әкімдігі жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жұмысын жандандыру.

Іс-шараға Алматы қалалық партия филиалының Саяси кеңесі мен депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері және басқарма басшылары қатысты.

 

АЛМАТЫ