Мәселе • 27 Тамыз, 2024
Шымкенттің Бозарық аймағынан түрік инвесторы «Alarko Holding» 650 гектарға ең ірі жылыжай кешенін салуды бастағанын жазған едік. Мегополисте шетелдік компаниялармен бірлесіп табысты еңбек етіп жатқан шаруашылықтар қазір де бар. Соның бірі – Берік Иляев басқаратын шаруашылық. Ол да жылыжай кешенінде көкөніс өсірумен айналысады.
Қоғам • 27 Тамыз, 2024
Жапониядан бастау алған жобаның берері мол
Жетпісінші жылдары Жапонияда бастау алған «Бір ауыл – бір өнім» жобасы біздің елімізге де дендеп еніп, қарапайым ауыл тұрғындарының кәсібін кеңейтіп, танымалдылығын арттыруға оң ықпал етіп жатыр. Жоба жетекшісі Гүлнара Сейітжаппарованың айтуынша, әлемнің 30-дан астам елінде жүзеге асып отырған бұл жобаны екі жылдан бері Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып келеді.
Зерде • 27 Тамыз, 2024
1982 жылы арнайы тапсырмамен тау бөктеріндегі бірнеше қышлақты сүзіп шыққан десантшылар тобы қайтар жолдағы еңіске түсіп келе жатып Жабай шатқалына кіре бергенде жергілікті оппозиция күштерінің мықты тосқауылына тап болады. Осы шайқаста қарулас жолдастарының өрден бұршақша төпелеп тұрған оқтан бой тасалап үлгеруіне жол ашып беріп, өзі сол жерде жау мергенінің оғынан қаза тапқан қатардағы пулеметші, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері Қайырбек Мұқановтың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Қоғам • 27 Тамыз, 2024
Біздің ауыл тартылған теңіз жағасында. Бір кездері атағы дүрілдеген іргелі шаруашылық болған деседі. Болса болған шығар, оған дау айту қиын. Ал қазіргі тірліктеріне қарадай-қарап қарның ашады. Іштегі күңкіл ғой... Есті кісі туған жерін қиянатқа қия ма? Теңіздің «тірі» кезіндегі берекеден бүгінде тұтамдай белгі қалмаған. Балық өңдейтін шағын зауыттың күнге күйген қамыс қабырғалары сонадайдан ырсиып-ырсиып көзге қораш көрінеді. Төбедегі өрлік бөренелерін біреулер ұрлап әкеткен. Қора соқсақ та неміз кетеді деген шығар.
Сұхбат • 27 Тамыз, 2024
Ермек МАРЖЫҚПАЕВ: Олимпиададағы әрбір медаль – жастарға жаңа мүмкіндік
Төрткүл дүние көз тіккен Париж Олимпиадасының да дақпырты басылғандай. Қазақстан ұлттық құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 43-орынды иеленді. Төрт жыл бұрынғы Токио Олимпиадасындағы көрсеткішпен (8 қола медаль) салыстырғанда, Париж төріндегі бәсеке ұлттық құрама үшін ойдағыдай өтті деуге толық негіз бар. Дегенмен Франциядағы дүбірлі дода спортшыларымыздың өз мүмкіндігін толық пайдалана алмағанын, спорт саласында күрделі мәселелер бар екенін көрсетіп берді. Осы орайда Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевпен сұхбаттасудың сәті түсті.