Тарих • 30 Тамыз, 2013
Тарих деректер арқылы жазылады
Еліміз тәуелсіздігін алғалы 20 жылдан асты. Осы кезеңде қоғамдық формацияның өзгеруімен бірге, еліміздің тарихи шежіресі жаңа деректермен толығуда. Демек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлт тарихын жаңаша көзқараста қалыптастыру мәселесіне көңіл аударуы тегін емес. Осыған орай Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті тарих және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасының тарихшы-ғалымдары да ел тарихын жаңаша қалыптастыруға қатысты ойларын дөңгелек үстелде талқыға салды. Төменде сол дөңгелек үстел басындағы әңгіме желісі беріліп отыр.