Экономика • 26 Тамыз, 2019
Moody’s Қазақстан экономикасына болжамын жақсартты
2019 жылғы 22 тамызда Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі тәуелсіз кредит рейтингін «Baa3» деңгейінде бекітіп, болжамды «Тұрақтыдан» «Жағымдыға» жақсартты.
Қоғам • 26 Тамыз, 2019
«Сарыарқа» магистралды газ құбырының желісі 2020 жылы толық іске қосылады
«Сарыарқа» газ құбыры желісінің құрылысы 2019 жылдың қазан айында аяқталады деп күтілуде. Жоба толығымен 2020 жылы іс жүзіне асырылып, газ құбырының желісі толық салынып бітеді.
Президент • 26 Тамыз, 2019
Ұлытау – ұлтымыздың алтын бесігі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына сапары Жезқазған қаласында жалғасты. Мемлекет басшысы алдымен қаладағы іргелі өндіріс ошағы «Kazakhmys Smelting» мыс балқыту зауытының жұмысымен танысты. Ал келесі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау ауданы жерінде Мәденит және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы АҚ, Қарағанды облысы әкімдігі ұйымдастырып отырған «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумға қатысып, аталған шара аясында биыл екінші рет өткізіліп отырған халықаралық «Jezkiik» музыка фестивалінің ашылу салтанатын тамашалады.
Медицина • 25 Тамыз, 2019
Келесі жылы тегін дәрі-дәрмек тізімін екі есеге көбейтеміз - Денсаулық сақтау министрі
Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов Қарағанды облысына келген жұмыс сапары барысында Абай ауданының Топар кентінде орналасқан Орталық аудандық аурухананының қаншалықты жабдықталғанын тексерді. Бұл туралы министрліктің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
Димаштың сахналық костюмі аукционда 600 мың теңгеге сатылды
«Burabike Fest-2019» спортты-музыкалық фестивалі аясында өткен қайырымдылық аукционында әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің сахналық костюмі 600 мың теңгеге сатылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.