Экономика • 26 Тамыз, 2019

Moody’s Қазақстан экономикасына болжамын жақсартты

200 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2019 жылғы 22 тамызда Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі тәуелсіз кредит рейтингін «Baa3» деңгейінде бекітіп, болжамды «Тұрақтыдан» «Жағымдыға» жақсартты.

Moody’s Қазақстан экономикасына болжамын жақсартты

«Шетелдік валютадағы басым қамта­масыз етілмеген борыш рейтингі де «Baa3» деңгейінде бағаланды. Рейтингтің «пози­тив­ті» деңгейге көтерілуіне Қазақстан экономикасының «стрес­ке төзімділігі» артуы се­беп­кер болды. Көмірсутек са­ла­сының табысы артқан. Эко­но­микалық реформалардың мүмкіндігі және бюджет қорын тиімді әрі ақылға қонымды басқару Қазақстанның несиелік қабілетін арттыра түседі. «Baa3» деңгейі үкіметтің активтері мен пассивтерінің теңгерімі бар еке­нін көрсетеді», деп жазады Қазақ­стан қор биржасы.

Биржаның мәліметінше, Қа­зақстан үшін жергілікті валю­тадағы облигациялар мен депо­зиттердің ұзақ мерзімді рей­тинг­тері бұрынғысынша «Baa1» деңгейінде қалып отыр.

«Шетел валютасындағы облигациялар мен депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингтері өзгерген жоқ. Тиісінше «Baa2» және «Baa3» деңгейінде қалды. Ал облигациялар мен депозиттердің шетел валютасындағы қысқа мерзімді рейтингтері «P2» және «P3» деңгейінде қалды. Аталған «шекара» елдегі шаруашылық субъектілерінің облигациялары сапалы екенін аңғартады», делінген агенттіктің сараптамасында.

Болжамның өзгеруіне се­беп­ші болған ең негізгі фактор­лар – Қытай мен Ресейдегі эконо­ми­ка­лық құлдырау, мұнай баға­сының төмендеуіне байла­ныс­ты елдегі ішкі жалпы өнім­нің ұзақ мерзімді өсімінің бәсең­деуі. Сонымен қатар Қазақ­стан­ның несие рейтингінің өзге­руіне банк секторындағы дол­ларландырудың артуы мен шетел­­дік валютадағы Қазақстан активтері мен Ұлттық қордың активтеріне жасалған қысымның артуы ықпал етті.

Агенттіктегілердің мәліметінше, эмитент рейтингі мен Қазақстанның қамтамасыз етілмеген берешегі бойынша рейтингі елдің қаржы жүйесіндегі аса жоғары күшті, экономикалық жоғары тұрақтылықты және шетел валютасындағы активтердің айтарлықтай көлемін көрсетеді.

Moody's-тің бағалауы бойынша, Қазақстанның эконо­ми­калық тұрақтылығы эко­но­миканың негізгі салаларында кірістің өсуімен бекітілген. Эко­но­микалық реформалардың бюджеттік буфердің тиімді басқа­руы­мен үйлестіктегі одан арғы перс­пективалары Қазақстанның кредиттік көрсеткіштері әлі де нығайып, ең жоғары рейтингке сәйкестенуіне әкеледі.

Қазақстанның рейтингін тұ­рақты мемлекеттік баланс, мем­­ле­кеттік қарыз­дар­дың тө­мен деңгейі, айтарлықтай қазы­налық резервтер, серпінді эко­но­микалық өсу перспективалары көтеріп отыр. Сарапшылар алдағы 2-3 жылда мұнайсыз салаға салымның өсуі арқылы нақты ІЖӨ өсуінің тұрақты қарқынының 4% деңгейінде сақталуын болжауда.

Moody's зор экономикалық тұрақ­ты­лықты сақтау үшін өсу мен кіріс фак­тор­ла­рының артуын күтеді. Жүзеге асырылған және жоспарланып отырған экономикалық реформалардың перспективалары көбіне экономиканы әртараптандырып, Moody's талдаушылары бағалап отырғаннан да көп табыс әкелуге ықпал етпек. Бұл үшін Үкімет экономиканы әртараптандыруға баса назар аударуды одан әрі жалғастырып, несиелеуді субсидиялау мен таргеттелген сек­тордың кәсіби дайын бол­уын қоса алғанда, салықтық және салықсыз ынталандыруды ұсы­ну­да.

Бұдан басқа, өңдеуші емес салаға шетелдік инвестиция тартуға ішінара арналған қар­жы­лай инвестициялар мен мәмілелер үшін ағылшындық құ­қық қағидатындағы Астана халықаралық қаржы орталығы құрылды.

Сарапшылар қазақстандық темір жол желісі арқылы тасымалдау кезінде уақыт үнем­де­летінін ескергенде, Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тран­зитін ұлғайтудан көлік пен логистика тек ұтатынын атап өтті. Еліміздің инфрақұрылымын жақ­сартуды көздейтін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы осы саланың дамуына қолдау жа­сайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның несие рейтингін шетелдік және ұлттық валюта бойынша «BBB+»-тен «BBB»-ға дейінгі міндеттері бойынша негативті болжамдармен төмен түсірген болатын.