Экология • 27 Тамыз, 2020
Алматы облысында суармалы кезең сәтті аяқталды
Журналистер Ислам Даму Банкі қаржыландырған Көксу су қоймасын қайта жаңғырту жобасымен танысып, сол жерден суармалы су алатын шаруа қожалықтарының басшыларымен сұхбаттасты. Сондай-ақ Ескелді ауданы бойынша су тасымалдау жүйесінің жұмысымен танысты. Бұдан бөлек, Қызылағаш су қоймасы құрылысының аяқталу шегіндегі жұмыс барысын бағамдап қайтты. Бұл туралы пресс-тур барысында "Қазсушар" РМК Алматы облысы бөлімшесінің директоры Смайыл Қуметов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 27 Тамыз, 2020
Украина карантин режимін 31 қазанға дейін созды
Украинада коронавирус жұқтыру жағдайы күрт өсуіне байланысты Министрлер кабинеті 26 тамызда осындай шешімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Тамыз, 2020
42 500 теңгені 2 млн 390,9 мың қазақстандық алды
27 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 599 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 390,9 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 384,2 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 27 Тамыз, 2020
ДДҰ коронавирустық вакцинаның "пайдасыздығы" туралы айтты
Коронавирусты қайта жұқтыру мүмкіндігі бар, бірақ бұл вакцинаның пайдасыз екенін білдірмейді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жедел аурулар бөлімінің техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керхов мәлімдеді, деп хабарлайды Еgemen.kz.
Коронавирус • 27 Тамыз, 2020
Өткен тәулікте 3 адам коронавирустық белгілері бар пневмониядан көз жұмды
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 558 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz