Технология • 26 Тамыз, 2020

Киберқауіпсіздік саласында білікті мамандардың рөлі қандай?

981 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жыл басынан бергі аралықта ranking.kz мәліметі бойынша, Қазақстанда 8 мың кибершабуыл тіркелген. Ғаламдық цифрландыру ғасырында ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, сонымен қатар пайдаланушылардың сандық сауаттылығын арттыру мен ақпараттық қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бұрынғыдан да өзекті болып отыр, деп хабарлады Egemen.kz.

Киберқауіпсіздік саласында білікті мамандардың рөлі қандай?

Киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге қандай факторлар әсер етеді және жоғары деңгейлі мамандардың Қазақстанның IT-саласында көбеюі  үшін қандай әрекеттер жасалып жатқаны туралы сұрақтарымызға Сәтбаев университеті Кибернетика және ақпараттық технологиялар институтының директоры Нұргүл Сейловамен жауап берген еді. 

Киберқалқан идеясын сәтті іске асыру нені білдіреді әрі оның негізі қайда жатыр?

– Бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) адамдардың өмір сүру салтын өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ тұтастай қоғамның да өмірін өзгертуде. Ақпараттық қауіпсіздік – бұл ұлттық қауіпсіздікпен тікелей байланысты IT-саласы. Киберқауіпсіздік тұжырымдамасында («Қазақстанның киберқалқаны») және «Цифрлық Қазақстан-2020» бағдарламасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы оқу-зерттеу міндеттерін орындауға мамандандырылған Қазақстанның жоғары оқу орындарына зо бөлініп отыр.

– Ақпараттық технологиялар мен ақпараттық әзірлемелер жасау саласы тұрақты даму үстінде,  осы жылдам өзгерістер мамандарды даярлау мен оқыту әдістеріне әсер ете ме?

– Сәтбаев университетінің Кибернетика және ақпараттық технологиялар институты Қазақстан Республикасының IT-индустриясы үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің жаңа білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлайды. Институт кафедраларында ақпараттық қауіпсіздік және оны қорғау саласында жоғары білікті техникалық кадрларды даярлауда үлкен тәжірибесі бар; жасанды интеллект; ақпараттық жүйелерді жобалау және құру; бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу, мәліметтерді талдау және машиналық оқыту және инженерлік механика саласында мамандар даярлайды. Институт Қазақстан Республикасының жетекші ұйымдарымен, сонымен қатар Касперский зертханасымен, Positive Technologies, Фалконгейз, Cisco және басқа компаниялармен ынтымақтастықта.

– Жас мамандардың алдында қандай міндеттер тұр және отандық білім әлемдік стандарттар мен талаптарға қаншалықты сәйкес келеді?

– Жыл сайын институт түлектері банктік және мемлекеттік құрылымдарға, корпорацияларға, құқық қорғау органдарына және институт ұзақ жылдар бойы кадрлар даярлауда ынтымақтастық қарым-қатынас жасап келе жатқан ұйымдарға жұмысқа орналасып, табысты еңбек етеді. Шетелдік жетекші университеттермен және ғылыми орталықтармен тығыз байланыс оқыту процесін халықаралық деңгейге көтереді. Біздің серіктестеріміз: Кембридж университеті, Лотарингия университеті, Pennsylvania State University, National University of Singapore, National Tech Institute of Calicut,  University Putra Malaysia, Бельско-Бяла университеті (Польша), Ұлттық авиациялық университет (Украина, Киев), «Мәскеу электронды техника институты» ұлттық зерттеу университеті (Зеленоград, Ресей), Санкт-Петербург Ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика ғылыми-зерттеу университеті (Ресей, Санкт-Петербург), «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университеті (Мәскеу, Ресей), A.С.Попов атындағы Одесса ұлттық академиясы, Игорь Сикорский атындағы Киев политехникалық институты (Киев, Украина) және т.б.

– Бүгінгі таңда қандай жетістіктермен мақтануға болады?

– Институттың профессорлық-оқытушылық құрамы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құралдар мен технологияларынан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Жасанды интеллект саласында зерттеулер, үлкен деректерді талдау бойынша зерттеу жүргізеді. Гранттық ғылыми жобалар жүзеге асырылуда: уран және мұнай кен орындарын игеруді басқарудың және шешім қабылдаудың зияткерлік жүйесі; бөлшектердің шекарадан айналық және диффузиялық шағылысуының табиғи жағдайында тақты жуықтаудағы Больцман моменттік теңдеулерінің стационарлық емес бір өлшемді жүйесі; шифрлаудың блокты симметриялық алгоритмін жасау және т.б. Зерттеу нәтижелері конференцияларда баяндалады, сондай-ақ жоғары импакт-факторы бар Scopus және Web of Science мәліметтер базасында индекстелген. Ғалымдардың әзірлемелері патенттеледі. Патент ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті мәселесіне – криптографиялық жүйелерді аппараттық түрде жүзеге асыруға арналған.

– Өндіріске немесе білім беру үрдісінде іске асқан жобалар жөнінде айтып өтсеңіз...

– Жыл сайын өзекті тақырыптар бойынша дипломдық жобалар қорғалып, олар кейін оқу процесіне және өндіріске енгізіледі. Бұл асимметриялық криптожүйелердің негізгі операциялық блоктарын талдаумен және дамытумен байланысты, сондай-ақ кванттық технологиялар негізінде ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін әзірлеу және зерттеу, акустикалық (сөйлеу) ақпараттарды қорғаудың техникалық құралдарын зерттеу, мәліметтерді талдау және машиналық оқыту және т.б. байланысты жұмыстар.

- Әңгімеңізге рахмет.