Аймақтар • 26 Тамыз, 2020

Отырар ауданында екі той ұйымдастырушысы жауапқа тартылды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантин кезінде санитарлық-эпидемиялық нормалардың бұзылуын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар барысында Отырар АПБ полицейлері бірден екі үйлену тойын тоқтатты. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Отырар ауданында екі той ұйымдастырушысы жауапқа тартылды

Анықталғандай, Ақтөбе ауылының екі тұрғыны үйлеріне 30-40 шақты қонақтар шақырып, туыстарының қатысуымен "беташар" іс-шарасын ұйымдастырған. Тәртіп сақшылары тәртіп бұзушылармен түсіндіру және алдын алу әңгімелерін жүргізді.

Қазіргі уақытта той жасаушы екі тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органға (СЭС-ке) жіберілді.

Өткен карантин кезеңінде Түркістан облысының ПД-нің полицейлері карантин режимін бұза отырып, үйлену және отбасылық салтанаттарды өткізудің 86 жайтын анықтады. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын карантин режимінің талаптарын сақтауға, әсіресе дүкендерге, базарларға және адамдар көп жиналатын басқа жерлерге барғанда бетперделерді міндетті түрде киюге және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.