Тарих • 23 Тамыз, 2018
Жуықта Астанада орналасқан Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Қостанай облыстық Алтынсарин атындағы мемориалдық музей қорынан жәдігерлер әкеліп, көрме ұйымдастырды.
Өнер • 23 Тамыз, 2018
Дүниеде әке мейірімі мен ананың ыстық құшағын, атаның қасиетін, әженің өсиетін алмастыра алатын құндылық жоқ. Күнделікті өмірде осыны біле тұра аңғармай, сезе тұра сезінбей жатамыз. Суретші Оралбек Қабөке шығармалары отбасы дейтін осы бір баға жетпес байлықтың қадір-қасиетін тереңнен сезінуге тартады. Оның қаламынан тамған сырлы бояулар жаныңа өзгеше жылы ұшырайтыны сондықтан.
Қазақстан • 23 Тамыз, 2018
Ақмолалық диқандар астық үшін арпалысып жатыр
Сарша тамыздың жуан ортасында егістік алқаптары сарғыш реңге боянып, пісіп-жетілгеннен хабар бере бастады. Облыстың бірқатар ауданы сұлы, арпаны жығып жатыр.
Театр • 23 Тамыз, 2018
Дәл осы ойдың шындығы бүгінде айрықша аңғарылады. Студент кезімізде А.Н.Островскийдің «Қасқырлар мен Қойлар» комедиясын Петр Фоменконың қойылымы бойынша «Көрсетілім семинары» пәнінен талай рет қарап, талдаған едік. Өткен шілде айында Мәскеу қаласына тәжірибе алмасу сапары туралы хабарды естігенде, көкейімде жүрген көп ойларым тағы да қылаң берді. Мәскеуге келісімен сол қойылымдарды өз көзімізбен көруге асықтық.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2018
Қызылордада мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер арасында көрме-байқау өтті
Бүгін Қызылордада өткен «Өзіңе сене баста» көрме-байқауында Жаңақорған ауданының тұрғыны Орал Қасиет Қалдыбайқызы жеңімпаз атанды. Бұл шара мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер үшін Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы (2018 - 2020 жж.) аясында ұйымдастырылып отыр.