Аймақтар • 26 Тамыз, 2021
Қалалардағы қоқыс тасушылардың жұмысы жеңіл емес. Соған сай еңбекақылары да жоғары болса бір сәрі ғой... Бірақ шынтуайтына келгенде, олардың қолға алатын айлықтары тіпті де мардымсыз. Содан да болар, қоқыспен күресушілер жұмысының сапасына айтылатын сын аз емес. Болмашы жалақыға кім жанын салып істесін?..
Театр • 26 Тамыз, 2021
«Астана Операның» тоғызыншы маусымы
«Астана Опера» театрының жаңа маусымы – 30 тамызда Конституция күніне арналған мерекелік концертпен ашылады. Театрдың тоғызыншы маусымында көрерменге өрелі өнер ұжымы бірқатар опера және балет премьералары мен гастрольдік қойылымдар, сондай-ақ мазмұнды авторлық концерттер мен шығармашылық кештер ұсынып отыр.
Әдебиет • 26 Тамыз, 2021
Қазақстандық орыс тілді жазушылар арасында Иван Шуховтың есімі айрықша аталады. Өйткені оның шығармашылығы негізінен қазақ даласын, оның тыныс-тіршілігін, халықтардың өзара сыйластығын суреттеуге арналған. Ол Солтүстік Қазақстан облысындағы казактардың Пресновка станицасында 1906 жылы өмірге келген. Бұл өңірде қазақтың атақты жазушылары Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов те туғаны белгілі. Бір түкпірде үш бірдей ірі жазушының туғандығы да бұл топырақтың қасиетін айғақтайды.
Білім • 26 Тамыз, 2021
«Болашақ» стипендиясы: Ауылдан шыққан үміткерлер үшін квота сақталады
Ауылдық елді мекенде тұратын қазақстандықтар үшін «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша квота сақталады. Ауыл жастары жеңілдік талаптарымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге қатыса алады.
Ғылым • 26 Тамыз, 2021
Университет дәстүрлі форматта оқытуға дайын
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің инфрақұрылымы студенттерді дәстүрлі оқыту форматында қабылдауға толығымен дайын. Бұл туралы университеттің басқарма төрағасы – ректоры Жасұлан Шаймарданов білім шаңырағының жаңа оқу жылына дайындығы туралы брифинг барысында айтты.