Тағайындау • 22 Тамыз, 2019
ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы тағайындалды
Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Ахметов Рустам Нұрланұлы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 22 Тамыз, 2019
Кәсіподақтар федерациясы төрағасының жаңа орынбасарлары сайланды
Бүгін Кәсіподақтар федерациясында Атқару комитетінің отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде кадрлық мәселелер қаралды. Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2019
Ерлан Айтаханов: Балаларды сәби кезінен рухани құндылықтарға баулып өсіруіміз қажет
«Алты алаш бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі» деген сөзді тегін айтпаса керек. Алаштың көшін өрге сүйрейтін қайыспас қажырлы мұғалімдер біздің болашағымыз – балаларды тәрбиелеп, елдің ертеңін қамтамасыз ететін ең қадірлі жандар». Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «BILIM jane GYLYM» тақырыбында өткен тамыз конференциясында кіріспе сөзін Мағжан Жұмабайұлының қанатты сөзімен бастады.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2019
Павлодар мұнай-химия зауыты Jet A-1 авиациялық керосин өндіретін болады
Павлодар мұнай-химия зауыты ASTM D 1655 стандарты бойынша Jet A-1 авиациялық керосин өндіретін болады. Игеру зауытты технологиялық жаңғырту шеңберінде жоспарланған. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз»БӨ» АҚ жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.
Президент • 22 Тамыз, 2019
Президент Талғат Теменовті қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.