Қазақстан • 22 Тамыз, 2019

Кәсіподақтар федерациясы төрағасының жаңа орынбасарлары сайланды

55 реткөрсетілді

Бүгін Кәсіподақтар федерациясында Атқару комитетінің отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде кадрлық мәселелер қаралды. Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Нұрымбетовтың ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалуына байланысты лауазымынан босатылды. 

ҚРКФ төрағасы Бақытжан Әбдірайым Біржан Бидайбекұлының әлеуметтік-еңбек саласын нығайтуда, азаматтарымыздың құқығын қорғауда сіңірген еңбегін жоғары атап өтіп, жаңа жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтады.

Атқару комитетінің мүшелері Біржан Бидайбекұлының кәсіподақтардың басты әлеуметтік әріптесі болып табылатын ведомства басшысы болып тағайындалуы еліміздегі еңбек саласының дамуына жаңа серпін беретіндігін атап өтті.

Бақытжан Әбдірайым кәсіподақ қызметіне сіңірген ерен еңбегі үшін Біржан Нұрымбетовты Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Сөз алған Біржан Бидайбекұлы қазақстандықтардың әл-ауқатын дамыту жолында қоян-қолтық жұмыс істеген әріптестеріне өз ризашылығын білдірді.

Отырыс барысында Атқару комитетінің мүшелері ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары және орынбасары лауазымдарына жаңа үміткерлердің кандидатурасын қарады.

ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары болып Әбдібеков Нұрмұхамбет Қанапиұлы бірауыздан сайланды.

Нұрмұхамбет Қанапиұлы – мамандығы бойынша тау-кен инженері, өндірістегі кәсіподақтардың жұмысымен етене таныс, әр жылдары Ақтөбеде, Атырауда кәсіпорындарда және мемлекеттік органдарда қызмет атқарған, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Ақтөбе қаласының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары, Қарағанды облысының әкімі, есеп комитетінің төрағасы, «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы болған. 

ҚРКФ төрағасының орынбасары болып Егембердиев Ержан Ошақбайұлы сайланды. Ержан Ошақбайұлы ҚРКФ Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық әріптестік департаментінің директоры лауазымын атқарған.

Ержан Егембердиев – заң ғылымдарының кандидаты, әр жылдары Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясында, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқармасы академиясында, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және ҚР Әділет министрлігінде қызмет атқарған.

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Импорттан не ұттық?

Экономика • Кеше

Лисаковтың «Бәйтерегі»

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019

Гобелен – текті өнердің туындысы

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

«Мәдени қабат» жойылған жоқ

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Шахмардан тербелген талбесік

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

«Жоғалмайсың, жоқтаушы халқың барда...»

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

Аймақтың экспорттық мүмкіндігі артуда

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019

Көк айдында көршілер жаттығуда

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2019

Банктер артық ақшаны жасырып отыр ма?

Экономика • 20 Қыркүйек, 2019

Бұқара қамын ойлаған басшы

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Оқу мәдениеті

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Өзбек туризмі ояна бастады

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Алаштың айбоз абызы

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

Сотты жетілдіру мәселесі талқыланды

Парламент • 20 Қыркүйек, 2019

Қазақстан – Қытай: жаңа кезең

Саясат • 20 Қыркүйек, 2019

Қыста қысылмаймыз ба?

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2019

Несие аз, жабылған кәсіпорындар көп

Экономика • 20 Қыркүйек, 2019

Халық пікіріне құрмет

Саясат • 20 Қыркүйек, 2019

Әңгіме өзегі – әдебиеттің ертеңі

Руханият • 20 Қыркүйек, 2019

Ұқсас жаңалықтар