Тағайындау • 22 Тамыз, 2019

ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы тағайындалды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Ахметов Рустам Нұрланұлы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы тағайындалды

Рустам Ахметов 1978 жылы 22 ақпанда Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің кінәрат-қуыным жұмысы бөлімінің жетекші маманы болып бастады. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға референті қызметіне қабылданды. Түрлі жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің кеңесшісі, заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. 2014 жылдың тамыз айынан 2017 жылдың сәуір айының аралығында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары болды. 

2017 жылғы сәуір айынан қазірге дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи ресурстарды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.