Коронавирус • 25 Тамыз, 2021
Індет әлі де болса айылын жимай отырғанда, жұртты адастырып, инфекцияның өршуіне септесіп жатқандар жеткілікті. Кез келген діннің өкілі микробиология, эпидемиология, вирусология саласының маманы емес, сол сияқты антиваксерлер де нақты ғылымға маңайлай алмайды.
Қазақстан • 25 Тамыз, 2021
Қостанай облысының тұрғындары карантин тәртібіне байланысты енгізілген шектеу талаптарын бұзуын тоқтатар емес. Мұны өткен аптаның соңында ұйымдастырылған рейд шаралары барысында облыс орталығы мен Қостанай, Амангелді, Науырзым аудандарында өтіп жатқан 5 той мен екі астың үстінен түскен мониторингтік топ ревизорлары айтып отыр.
Ауыл • 25 Тамыз, 2021
Жайылымы жоқ ауылдың жайы мүшкіл
Жайылымға жарымай тарығып отырған ауылдың болашағы туралы әңгіме айтудың өзі әбестік сияқты. Өкінішке қарай, егін шаруашылығы дамыған өңірлерде мұндай елді мекендер жиі кездеседі. Ұшы-қиыры жоқ астық алқаптары кезінде жайлауға бергісіз болып жайқалып жататын жайылымдарды шетінен кеміріп, қараша ауылдарды айнала қысып тастаған.
Елорда • 25 Тамыз, 2021
Елордада есірткі өткізу арнасының жолы кесілді
Нұр-Сұлтан қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында елорда аумағында есірткі өткізумен айналысатын күдіктіні ұстау бойынша арнайы операция өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан • 25 Тамыз, 2021
Қудаланған 2 423 адам ақталмаған
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның кеңестік биліктің күштеп ұжымдастыру, қазақ халқын тәркілеу, тонау және басқа да саяси науқандар, Қазақстан жеріне күштеп жер аудару (депортациялау) кезінде, сондай-ақ әскери тұтқында болғандары үшін қуғын-сүргінге ұшырап, ақталмағандардың есімдерін анықтау бағытындағы жұмыс тобының құрамына енген облыстық мемлекеттік архивтің және тарихи-өлкетану музейінің мамандары бірқатар істердің басын қайырды.