Айбын • 23 Тамыз, 2024
Жауынгерлік дайындық пысықталды
Құқықтық тәртіп әскерінің радиациялық химиялық және биологиялық қорғау мамандарының арасында алғаш рет өткізіліп отырған ведомствоаралық полигондық жұмыс аяқталды.
Білім • 23 Тамыз, 2024
Мектепке онлайн ауысу мүмкіндігі
Жақында eGov.kz порталында «Білім» деп аталатын жаңа бөлім енгізілген еді. Осы арқылы мектеп бітірушілеріне негізі және орта білім туралы аттестатын онлайн алуға болатын мүмкіндік ашылды. Енді аталған бөлімге тағы бір жаңа қызмет қосылды. Бұдан былай ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды үйден шықпай-ақ eGov.kz порталында жүзеге асыра алады.
Құқық • 23 Тамыз, 2024
Сот жүйесінің ашықтығын жетілдіру – уақыт талабы. Дамыған елдер тәжірибесінде бұл әлдеқашан қалыпқа түскен шаруа. Құқықтық сауаттылық қоғамды алға жетелейді десек, әділет орындары мен бұқара арасында туындаған мыңсан сауалға жүйелі жауап беру үшін төртінші билік өкілдеріне ауқымды міндет жүктеледі. Журналистер құқық тақырыбына қалам тербегенде қандай мәселеге назар аударғаны абзал? Сот үдерісіне қатысатын тілшілер кәсіби маман ретінде өздерін қалай ұстауы керек? Бұл сұрақтардың жауабы білікті заңгерлерді, судьялар мен медиа мамандарды бір алаңда тоғыстырған семинар-кеңесте сараланды.
Жемқорлық • 23 Тамыз, 2024
Тәуекел картасындағы түйткілдер
Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағандарға жаза күшейтілгеніне қарамастан бюджет қаржысынан қарпып қалуға тырысатындар қатары әлі де кездеседі. Қазынадан бөлінген қаржыны көргенде жемсауы бүлкілдеп тұратындарды анықтауға жемқорлыққа қарсы еріктілер атсалысып келеді.
Жастар • 23 Тамыз, 2024
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – жастарға сын
Бүгінде елімізде білім беру жүйесінде қазақ тілінің рөлін күшейтуге бағытталған бірқатар реформа жүргізіліп жатыр. Ашып айтсақ, орта білім беру мекемелерінде қазақ тілінде оқытудың сапасын арттыру, оқулықтарды жаңарту және мұғалімдердің біліктілігін көтеру шаралары қабылданды. Сонымен қатар жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілдегі мамандықтар саны артып, ғылыми зерттеу жұмыстарының қазақ тілінде жүргізілуіне жағдай жасалып отыр.