Қазақстан • 21 Тамыз, 2017
Көктем келсе қуанатын халқымыз соңғы жылдары су тасқынынан қатты зардап шегіп жүр. Қыстан аман шыққанына тәубе дейтін ауыл тұрғындары жазғытұры тасқын сумен алысып әлек. Әсіресе, Арқа төсіндегі, солтүстіктегі ағайындардың тілсіз жауға қарсы айла таппай дал болатыны жасырын емес. Оның үстіне бір жағдай жыл сайын қайталана бергендіктен күрделі мәселе Елбасының назарына іліккелі қай заман. Десе де, оның да өз шешімін табатын күні алыс емес секілді.
Бокс • 21 Тамыз, 2017
Санаулы күндерден кейін Алманияның Гамбург қаласында бокстан әлем чемпионаты 19-ші рет жалау көтереді. Дүние жүзінің дүлдүлдері жұдырық түйістіретін бұл додаға қазақ боксшыларының да тас-түйін дайындықпен барары сөзсіз. Алдымызға қойған мақсат бір басқа, әлемде үздік үштіктің ішіндеміз деген атымыз бар, бізге ең алдымен абырой қымбат. Мұның алдындағы Дохада өткен додада жіберген есеміз бар, биылғы Азия біріншілігіндегі «әттегенайлардың» бәрін жиып-теріп, есесін қайтаруға қайрат қылар кез енді келген сыңайлы.
Қазақ халқының көне музыкалық аспаптары туралы айтатын болсақ, ол ешбір халықтың құндылығына ұқсамайтын, өз алдына бөлек шалқыған жеке бір шалқар айдын-ау. Тауқымет шеккен тағдырлар секілді тарих толқынында бұлардың бірі мүлде жоғалса, енді біразы әлі де қайта өңдеп, жетілдіре түсуді, терең зерттеу мен талдауды қажет ететінін уақыт-төреші дәлелдеп бағуда.
Әдебиет • 21 Тамыз, 2017
«Берсең, маған қалап бер! Мың кісіге балап бер! Өмір жасын ұзақ қып, Асқар таудай талап бер!» Бозмұнайдың дұғасы, «Ер Сайын» жырынан
ЭКСПО-2017 • 21 Тамыз, 2017
«Өмір ағашын» өнеге тұтатын халық
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Венгрия елі ұлттық күнін тойлады. Мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты шарада дәстүрлі киім киген мажарлық өнерпаздар қыпшақтардың тұрмыс-салтын көрсетіп, ұлттық музыкасын орындады. Шара аясында венгриялықтар үш күн бойы павильонында қыпшақ күндерін өткізбек.