Аймақтар • 23 Тамыз, 2024
Атырауда 153 түлек әкім грантын иеленді
Биыл Атырау облысы әкімінің білім гранты 153 түлекке берілді. Оның ішінде медицина саласын таңдаған 84 жас бар.
«Таза Қазақстан» • 23 Тамыз, 2024
Тазалыққа үндеп, бірлікке бастайтын акция
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы Солтүстік Қазақстанда да белсенді түрде ұйымдастырылып жүр. Петропавлда өткізілген кезекті экологиялық іс-шараға әкімдік қызметкерлері, жастар, еріктілер, тұрғындар, бюджеттік сала қызметкерлері, қоғам белсенділері, белсенді қала тұрғындарын қоса есептегенде 100 шақты адам қатысты. Іс-шараның бастамашысы облыстық Жастар ресурсы орталығы болды. Ұйымның осындай іс-шараларына волонтерлермен бірге белсенді жастар өз еріктерімен келіп қатысады.
Білім • 23 Тамыз, 2024
Ұлт дамуындағы серпінді жоспар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары экономикалық дамудың жаңа парадигмасын іске асыруды көздейді. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған стратегиялық жоспар Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарымен тығыз астастырылып, жүйелі сабақтастырылған.
Қоғам • 23 Тамыз, 2024
Халқымыздың тарихында ел басқарған және билікке араласқан әйелдер аз болмағаны мәлім. Тұмар, Зарина патшайымдар, Айғаным ханша, Бопай ханым сияқты атақты арулардың іздерін басқан бүгінгі сіңлілері мемлекеттік қызметтің негізгі жүгін арқалап, нардай өрге тартып жүр.
Қаржы • 23 Тамыз, 2024
Көптен бері қаржылық ортада талқыланып, бірқатар қарама-қайшы көзқарастың туындауына себеп болған жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) төмендету мәселесі ақыры шешімін тапты. Жақында ғана Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы бірлескен қаулыны бекітті.