Тағайындау • 21 Қыркүйек, 2023
Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум • 21 Қыркүйек, 2023
Түркістанда Түркі әлемі математиктерінің VII дүниежүзілік конгресі басталды
Облыс орталығында Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресінің ашылу салтанаты өтті. Шараға Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2023
Елордада пара хоккейден әлем чемпионаты өтеді
Астанадағы «Тарлан» мұз айдынында 6-11 қазан аралығында Astana 2023 World Championship B-Pool өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2023
ҚМДБ: Дін мен дәстүр бөлімі ашылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Дін мен дәстүр бөлімі құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Қыркүйек, 2023
Еуразиялық даму банкі Қазақстанға тартылған инвестициялар қарқынын арттырады
Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) Қазақстанға салған инвестицияларының көлемі 2022-2026 жылдарға арналған стратегияны іске асырудың алғашқы екі жылының қорытындысы бойынша жоспардан 70%-ға артып, $2,2 млрд-тан асуы мүмкін. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың банктің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.