Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2017
Білімді болу – өмір сүрудегі басты қаруымыз екенін жете түсіндік. Сондықтан университет табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап ұстаздардың дәрісімен шектелмей кітапхана залдарын, түрлі шығармашылық одақтардағы жиындарды, кино мен театр, сурет көрмелерін жалықпай іздеп, көруге, білуге, санамызға сіңіруге тырыстық. Орын таппай, жатақханадағы темір кереуеттің үстінде жамбасы тесілгенше жатып том-том кітап аударатын, қолы жеткендері Пушкин атындағы жалғыз кітапхананың тар залында, иін тірескен жұрттың қатарында қыстырылып отырып, таңның атысы, күннің батысына қарамай білім, ғылым іздейтін, ашқұрсақ жүрсе де көңілдері көк жайлау, жүдеу киімдеріне қарамай сол кезде Батыстан келген «твист» пен «чарльстонды» сілесі қатқанша билейтін өрімдей жастар – біздің замандастарымыз еді.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2017
Теңге тегеурінін сақтау міндет
Жыл соңына дейін еліміздегі қаржы нарығы тұрақтанып, ішкі өнімнің жалпы көлемі орташа есеппен 3 пайызды құрамақ. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Алматыда өткен отандық БАҚ өкілдерімен кездесуінде мәлім етті.
Әлем • 19 Қыркүйек, 2017
Қазақстан Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының маңызды бір бөлігі болып отыр
Ағымдағы жылдың 21-22 қыркүйегі аралығында Астана қаласында еліміздегі әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша бірқатар маңызды шаралар өткізу жоспарлануда. Олар: Қазақстан Республикасы әлеуметтік қызметкерлерінің бірінші форумы, «Әлеуметтік аударымдар – жұмыспен қамтылған халықты сәйкесті әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету» тақырыбында республикалық семинар және жыл сайын өтетін «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесі. Форумды өткізудің негізгі мақсаты – сала дамуының негізгі бағдарларын көрсету және әлеуметтік саланың дамуына мемлекеттік қолдау көрсетудің кейінгі басым бағыттары бо-йынша ұсыныстар жасау. Семинар әлеуметтік сақтандырудың ең үздік заманауи тәжірибелерін ескере отырып, әлеуметтік жаңғырту міндеттерін шешу үшін мамандардың идеяларын біріктіреді, ал көрмені өткізудің мақсаты – мүгедектер мен халықтың басқа да әлеуметтік әлсіз топтарының өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесетін әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуының басты мақсаттары мен басымдықтарын белгілеген Қазақстан-2030 Стратегиясында әлеуметтік қорғалу мәселелері басты орында тұр. Әлеуметтік қамсыздандырудағы негізгі әлемдік үрдістер және осы салада біздің еліміз қандай орын алады? «Егемен Қазақстанға» берген сұхбатында Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ХӘҚҚ) бас хатшысы Ханс-Хорст КОНКОЛЕВСКИ осылар туралы өз ойларымен бөлісті.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2017
Алматы «ақылды қалаға» айнала ма?
Заман жылжып, уақыт сырғыған сайын әр сала заманға қарай бейімделіп жасарып-жаңарып отыратыны белгілі. Елбасы тапсырмасына сай, индустрияландыру бағдарламасының аясында жаңа кәсіпорындар іске қосылып, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы арта түскен. Еліміздің қаржылық-экономикалық орталығы Алматыда да мемлекеттік бағдарламалар бойынша ілкімді істер атқарылуда.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2017
Байқоңырдың екінші тынысы қашан ашылады?
Байқоңырға бардық. Адамзаттың алғаш ғарышқа сапар шегіп, аспан әлемін бағындыруға тікелей жолдама берген айлақтың бүгінгі ахуалымен таныстық. Болашаққа қандай жоспар түзіп отырғанын білдік. Білесіздер, елімізде ғарыш саласын дамыту үшін арнайы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды. Жұлдызды қалашыққа баспасөз турын ұйымдастырып, айлақтың жай-күйімен таныстырып отырған да осы министрлік.