Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2018
«Герцептин» тапшылығы алаңдатады
Алматы қаласында сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан 5426 әйел тұрады. Бұл көрсеткіш өткен 8 айдың ішінде 5 процентке ұлғайған. Сол себепті қатерлі аурудың бірден-бір емі саналатын «Герцептин» дәрілік препаратына сұраныс көбейе түсті. Сондықтан тиісті орындардан оған қаржы бөлудің талап етілуі орынды.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2018
Бұрынғыдай емес, қазіргі жас аналардың денсаулығында өздері байқай бермейтін кінәрат көптеп кездеседі. Бұл қоршаған орта мен күнделікті ұстанатын өмір салтына және тұрмыс деңгейіне байланысты туындайды. Сондықтан жүктілік кезінде йогамен айналысу дені сау бала көтеруге және тууға жақсы көмектесетіні туралы тәжірибемізді бөлісуді жөн санадық.
Аударма • 19 Қыркүйек, 2018
Дамудың рецепті – балалардың ойнауы
Ойнап жүрген балалар туралы ең танымал сурет – Питер Брейгельдің 1560 жылы салған «Балалар ойыны» туындысы. Онда қала орталығында еңбектеген сәби мен кәмелетке жеткен жасөспірімдер ойынның түбін түсіріп жатыр. Қалада балалардан басқа ешкім жоқ һәм олардың әрекеті ойнаудың жүйелі түрін көрсетеді.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2018
Жайнагүлдің жанарындағы жарқыл
Тура келген қиындыққа қаймықпай қарсы тұру кез келген адамның қолынан келе бермейтін шаруа. Оған жиырма сегіз жасының өзінде тағдырдың ауыр жүгін арқалап өткен Жайнагүл Қайымхан қарындасымыздың қайсар мінезінің өзі дәлел. Қазақстан мен Қытай шекарасының арғы бетінде – Көктоғай ауданында әкесі мен шешесінің арманы Отанымызға жету болыпты. Ес білген балаларына әкесі үнемі туған жерге, өз қазағының ортасына жетуді аманат қылған.
Әлем • 19 Қыркүйек, 2018
Теңіз деңгейінің көтерілуі әуежайларға қауіпті
Осы айдың басында Жапонияны күшті дауыл талқандап өткенде, Кансай халықаралық әуежайында жолаушылар сырттағы қорқынышты көрініске куә болды. Ұшу жолағына қарағандарға теңіз суынан басқа ештеңе көрінбеді.