Жүктіліктің бірінші тоқсанында йога «сергітетін құрал» ретінде өте пайдалы. Күнделікті орындалатын жаттығулар жүйке жүйесін және эмоциялық жағдайды тұрақтандырады, шаршау, ұйқышылдық, әлсіздік сезімін жеңуге көмектеседі. Йога сондай-ақ физикалық жағдайды жақсартуға жақсы әсер етеді. Қалыпты жүктемелер арқа бұлшық еттерін күшейтіп, икемділігін арттырады. Бұл жүктіліктің қолайлы өтуіне қажет және жеңіл босануға көмектеседі.
Йогамен жүктіліктің екінші тоқсанында айналысу болашақ ана үшін алтын кезеңге баланады. Токсикоз және шаршау сияқты жайсыздық, жаңа жағдайға байланысты алаңдаушылық пен қорқыныш артта қалады.
Жүктіліктің екінші тоқсанында йогамен айналысу денені үшінші тоқсанға, яғни құрсақтың үлкеюіне дайындаудың керемет жолы. Сонымен қатар босанатын жас аналар айналысуы қажет. Бұл кезде жаттығулар кешеніне варикоздың алдын алуға көмектесетін жаттығулар қатарын қосу керек. Осы арқылы жеңіл аударылған дене күйін қабылдау жақсы көмектеседі. Кеуде қуысын ашық ұстап отыру қалыбы жүктіліктің екінші тоқсанындағы жағымсыз серігі қыжылды болдырмауға көмектеседі. Егер жаттығулар кешенінде денені нығайтуға, арқаға және белге түсетін ауырлықты жеңілдетуге арналған қалып болса жақсы әсер етеді. Асаналарды орындау, сонымен бірге тыныс алуды сақтауға көмектеседі, тыныс алу техникасын жетілдіреді. Сондай-ақ жүрек-қан тамыр жүйесі үшін пайдалы, ұрыққа оттегінің көп мөлшерде жеткізілуін қамтамасыз етіп, жақсы дамуына ықпал етеді.
Жүктіліктің үшінші тоқсанында йогадан бас тартпаңыз. Жаттығуларды әрі қарай жалғастырудың көмегі зор. «Рұқсат етілген» жаттығуларды бастағанда, валиктердің, блоктардың, көрпелердің және тепе-теңдікті, тұрақтылықты, сондай-ақ сақтандыруды қамтамасыз ететін басқа да құралдардың барлық түрін қолдану керек. Жалпы алғанда жүктіліктің үшінші тоқсанында йога болашақ ананы тыныштандыруға, босаңсытуға, босатуға бағытталуы тиіс. Сонымен қатар жаттығуларды үнемі орындау барысында әйел босануға жан-жақты дайындалады. Тіпті осы кезеңде көңіл күйі де жақсарады. Осылайша, йога жүктіліктің үшінші тоқсанында дұрыс тыныс алу әдісін үйрету, белдегі, аяқ пен арқадағы ауырлықты жеңілдету, ұйқыны және асқазан-ішек жолының функциясын жақсартудың керемет құралы болмақ. Сонымен қатар йога көмегімен әйел бұлшық еттер мен сіңірлерді күшейтетін жаттығуларды жасау арқылы денені босануға жақсы дайындайды. Сондай-ақ күйзелісті болдырмайды немесе жояды, йоганың көмегімен қан айналымы жақсарып, бас айналуы мен бас аурулары бәсеңдейді.
Наталья РАЗУВАЕВА,
Астана қаласы
№3 перинаталды орталығының акушер-
гинеколог дәрігері